Ядролық физика институтының 65 жылдығына арналған
ІV Халықаралық ғылыми форум

2022 жылдың 26-30 қыркүйек аралығында Алматы қаласында ҚР Энергетика мининстрлігі Ядролық физика институтының 65 жылдығына арналған «ЯДРОЛЫҚ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯЛАР» АТТЫ ІV ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ ФОРУМ өтеді. Форум аясында «Ядролық және радиациялық физика» 14-ші халықаралық конференциясы, «Медицина, өнеркәсіп және ауыл шаруашылығындағы ядролық және радиациялық технологиялар» 3-ші Халықаралық конференциясы және ХҒТО-ЦЕРН-БЯЗИ 6-шы жазғы мектебі өтеді. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Біріккен ядролық зерттеулер институтына (БЯЗИ) мүше болғанына 30 жыл толуына орай БЯЗИ-дың Қазақстандағы күндері, «Көміртексіздендіру және Қазақстанда сутегінің рөлі» тақырыбында халықаралық дөңгелек үстел ұйымдастырылады.

Форумды ұйымдастырушылар:

  • Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі;
  • Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің «Ядролық физика институты» РМК;
  • ЦЕРН - Еуропалық ядролық зерттеулер ұйымы;
  • Біріккен ядролық зерттеулер институты, БЯЗИ, Дубна;
  • ХҒТО - Халықаралық ғылыми-техникалық орталық;
  • «Қазақстан Республикасының «Ұлттық ядролық орталығы»;
  • әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті;
  • Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті.

Форум жұмысына жақын және алыс шетелдердің 17 елінен келетін 300 аса ғалымдармен сала мамандары қатысады: Франция, Бельгия, Швейцария, Әзербайжан, Мысыр, Жапония, Италия, Норвегия, Латвия, Ресей, Өзбекстан және т.б.

Халықаралық форумда әлемнің жетекші ғалымдары ядролық физика, атом энергиясы, радиациялық экология және талдау әдістері, медицинадағы өнеркәсіптегі және ауыл шаруашылығындағы ядролық және радиациялық технологиялар, қатты дененің радиациялық физикасы және материалтану тақырыптары бойынша өзекті мәселелерді талқылайды. Жалпы форум аясында 13 пленарлық баяндама және 144 секциялық баяндама және 3 дөңгелек үстел өткізіледі.

Форумның Халықаралық консультациялық кеңесі мен Ұйымдастыру комитетінің құрамына әлемнің көптеген елдерінің ядролық физика, атом энергетикасы, радиациялық экология және ядролық медицина саласындағы жетекші ғалымдары мен мамандары кіреді.

ҚР ЭМ Ядролық физика институты РМК ядролық физика және ауыл шаруашылығының әртүрлі салаларында атом энергиясын пайдалану, физикалық және қолданбалы ғылыми зерттеулерді дамытумен, жоғары білікті кадрлар даярлаумен айналысатын ғылыми ұйым. ЯФИ-дың бірегейлігі институт базасында ғылыми-зерттеу және тәжірибелік- құрылымдық жұмыстардың толық циклі жүргізілетіндігінде, яғни іргелі зерттеулерден бастап өндірістік циклге дейінгі жұмыстар іске асырылады. Негізгі қызмет бағыттары: ядролық және радиациялық технологияларды әзірлеу және қолдану, медицина мен өнеркәсіпке арналған радиоизотопты өнімдер өндірісі, атом энергиясын пайдалану саласында қызмет көрсету.

Институттың ғылыми қызметкерлерінің іргелі зерттеулерінің нәтижелері әлемдік шетелдік ғылыми басылымдарда жарияланып, ҚР ҒЗИ арасында 2021 жылдың қорытындысы бойынша ҚР ЭМ ЯФИ РМК 1-орында болды.
Ядролық физика институты АҚШ, Ресей, Жапония, Франция, Бельгия, Швейцария және т.б. секілді шет елдердегі әлемдік жетекші ғылыми орталықтармен белсенді ынтымақтастық орнатқан.

Толық ақпарат: inp.kz сайтында


Халықаралық форумның өтетін орны:

Қазақстан Республикасының
Ұлттық ғылым академиясы (Алматы қ., 050010, Шевченко к-сі, 28)

Құрметті БАҚ өкілдерін «Ядролық ғылым және технологиялар»
атты IV халықаралық ғылыми форум туралы ақпарат таратуға шақырамыз.

Байланыс үшін:

Мұхтар Аида, Тел.: +7 727 386-68-00 / +7(705)961-54-31, a.mukhtar@inp.kz

+727 386 52 60, Пошта:info@inp.kz

жүктеп алу үшін басып шығарылған нұсқасы