Аталған конференцияның мақсаты әлемнің ядролық индустриясының барлық компанияларының ғылыми-техникалық бірлесуіне жәрдемдесу болып табылады.
Конференцияда уранның минералдық-шикізат базасын болжау және барлау, табиғи уранды өндіру, қайта өңдеу, конверсиялау және байыту, ядролық отын өндіру, энергия мен ресурсты үнемдеу, білім беруді, құқықтық және экономикалық аспектілерді қоса алғанда, атом саласы кәсіпорындарының қауіпсіз жұмыс істеуі әдістерінен бастап атом саласының өзекті мәселелерін 7 тиісті секцияда талқылау көзделіп отыр.
Биылғы жылы шараға 8 елден келген атом саласында танымал 150-ден аса кәсіпорындар мен компаниялардың басшылары, ғалымдар мен мамандар қатысады деп жоспарланып отыр.
Конференция Қазақстан Республикасы, Алматы қаласында, «Достық» қонақ үйінде (Құрманғазы көшесі, 36-үй) өтеді.
Ұйымдастырушылар: «Қазатомөнеркәсіп»ҰАК» АҚ
Конференция сайты: https://uranconference.kz/