10 қазан сағат 14.00-де (Мәскеу уақытымен 11.00-де) «Атом саласындағы әйелдер» халықаралық ұйымының (WiN Kazakhstan) Қазақстандық бөлімшесі «Web of Science платформасының көмегімен радиоэкологиялық тақырып мысалында релевантты ғылыми ақпаратты іздеу» тақырыбында онлайн-вебинарға қатысуға шақырады.

  • Диссертациялар, есептер және аналитикалық жұмыстар үшін тексерілген және сенімді ғылыми ақпаратқа қалай қол жеткізуге болады?
  • Өз жұмысыңызды жариялау үшін тиісті ғылыми журналдарды қалай таңдауға болады?
  • Ғылыми жұмыстың бүкіл циклын ұйымдастыруға және жеңілдетуге көмектесетін заманауи ғылыми-метриялық құралдар дегеніміз не?

Біздің спикер - Кенжина Инеш.

Қысқаша өмірбаяны:

  • Clarivate компаниясының ғылыми-метрия және оқыту ресурстары жөніндегі маманы;
  • Ядролық және термоядролық реакторлар материалдары саласындағы ғалым-зерттеуші.

Ғылымдағы жалпы еңбек өтілі - 9 жыл.

Бұл және тағы басқалар туралы сіз әлемдегі және ТМД елдеріндегі радиоэкологиялық зерттеулерді талдауға негізделген біздің вебинарымызға қатысу арқылы білесіз.

Бұл вебинар Қазақстан Республикасының атом саласына қатысты өзекті тақырыптарға арналған ағартушылық онлайн-кездесулердің екінші кезеңі болып табылады.

Іс-шара WiN Kazakhstan Қазақстандық бөлімшесінің тәлімгер-бөлімшесі болып табылатын «Атом саласындағы әйелдер» халықаралық ұйымының (WiN Russia) Ресей бөлімшесімен бірлесіп өткізіледі.

Сізде сұрақтар бар ма? Бізде жауаптар бар! Барлық тілек білдірушілерді күтеміз!

Модератор: Н. Тұрмағамбетова «Қазақстанның ядролық қоғамы» қауымдастығының бас менеджері»

Қосылу сілтемесі: https://us02web.zoom.us/j/6881774815

10 қазан сағат 14.00-де (Мәскеу уақытымен 11.00-де)