Отырысты ҚР Ұлттық ядролық орталығының бас директоры, Кеңес төрағасы Эрлан Батырбеков ашты.Күн тәртібі мәселелерін талқылау алдында Эрлан Ғаділетұлы Қазақстан мен Ресей арасындағы біздің мемлекетіміздің аумағында Атом электр станциясын (АЭС) салудағы ынтымақтастық жөніндегі қол қойылған келісім туралы ақпаратты хабарлады. Қазақстандық тараптан келісімге Энергетика министрі Владимир Школьник, ресейлік тараптан Атом энергиясы жөніндегі «Росатом» мемлекеттік корпорациясының бас директоры Сергей Кириенко қол қойды.
Қазіргі уақытта атом электр станциясын салу орындары ретінде Шығыс Қазақстан мен Балқаш қарастырылуда. Алғашқы АЭС құрылысының барлық кезеңдеріне ҚР ҰЯО қызметкерлерінің белсенді қатысуы көзделіп отырғаны сөзсіз, кәсіпорын Қазақстанда АЭС салынуы жөніндегі жұмыстардың ғылыми-техникалық сүйемелденуін қамтамасыз етуге дайын.
Осыған байланысты күн тәртібінің бірінші мәселесі РҚЭИ филиалының Қазақстан Республикасында АЭС экологиялық мониторингілеу жүйесі туралы ұсынысын қарастыру болды. Экологиялық мониторингілеу атмосфералық ауа, атмосфералық түсулер, топырақ, гидросфера, жер бетіндегі және жерасты суларын қоса алғанда, табиғи және ауылшаруашылық биота, халық сияқты объектілерді бақылаудан тұрады. Бұл бағдарламаны іске асыру кезінде халық пен қоршаған ортаға әсер етуді тәуелсіз мемлекеттік бақылауға арналған қоршаған ортаны мемлекеттік мониторингілеудің бірыңғай жүйесінің құрауыш элементі ретінде АЭС-терді кешенді экологиялық мониторингілеу жүйесі құрылады. Осы мәселені талқылағаннан кейін АЭС салуды ғылыми-техникалық сүйемелдеу бағдарламасын әзірлеу туралы шешім қабылданды.
Отырыс барысында сондай-ақ, жұмыстар көлемін «Қазақстан Республикасында атом энергетикасын дамыту» және «Қазақстандық КТМ материалтану реакторын құру және пайдалануды ғылыми-техникалық қолдау» ғылыми-техникалық бағдарламалары бойынша 2015 жылға бөлінген қаржыландыруға сәйкес түзету жөніндегі ұсыныстар қаралды.
РҚЭИ директоры Сергей Лукашенко «Бұрынғы ССП қауіпсіздігін қамтамасыз ету» іс-шарасы бойынша түзетілген бағыттар мен міндеттерді ұсынды. Бұл бағыт шеңберінде 2015 жылы бұрынғы ССП шекарасын, радиациялық қауіпті объектілердің физикалық тосқауылдарын, шаруашылық жүргізуші субъектілердің қызметін мониторингілеу, топырақ-өсімдік-жануарлар трофикалық тізбегіндегі радионуклидтердің көшу параметрлерін эксперименттік анықтау жөніндегі жұмыстар жалғастырылады, оңалту жұмыстары оңалтудың тиімділігін ізінше бағалай отырып жүргізіледі, алыс радиоактивті түсулер аймақтарын қоса алғандағы радиациялық қауіпті объектілерді түгендеу, ССП-ның оңтүстік-батыс бөлігіне алдын-ала радиоэкологиялық зерттеулер және оңтүстік-батыс бөлігіне қорытынды радиоэкологиялық зерттеулер жүргізіледі.
Жоғары санатты кадрлар даярлау тәжірибесімен АЭИ филиалының директоры М.Қ.Сқақов бөлісті.
Біздің елімізде әлемдік ғылыми кеңістікте еркін қалыптасатын жас ғалымның сапалы жаңа форматын даярлауға бағытталған заманауи докторантура моделі бірнеше жыл іске асырылып келеді. Бас-аяғы 3 жылдың ішінде Қазақстанның жоғары оқу орындары 600 PhD докторанттарын даярлады, бүгінгі күні олардың 200-іне PhD ғылым докторы ғылыми дәрежесі тағайындалды.
ҚР ҰЯО РМК-да PhD ғылым докторы ғылыми дәрежесін алуға жағдай жасалған. Оқу процесін өндіріспен байланыстыру жолға қойылған, бұлардың бірі – Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті мен Шәкәрім атындағы Семей мемлекттік университеті жанында «физика, техникалық физика» 2 кафедрасының құрылуы.
Бүгінде ҚР ҰЯО филиалдарында жұмысты оқумен бірге алып келе жатқан 7 докторант жұмыс істейді. Олардың төртеуі Германия мен Польшада машықтану өтті, екеуі докторлық диссертацияларын үстіміздегі жылғы қарашада Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да қорғайды.
Бұл салада шешуді қажет ететін мәселелер әлі де көп. Мысалы, ҚР-да жақын шетелде алған ғылыми дәрежелерін, ғылыми атақтарын растау ережелерінің жүйесі күні бүгінге дейін пысықталмаған.
Кадрлар даярлауда жинақталған оң тәжірибені пайдалана отырып, радиоэкология саласындағы кафедра ашу үшін жоғары оқу орындары арасынан жаңа серіктестер іздестіру туралы шешім қабылданды.
Күн тәртібінің соңғы мәселесі ретінде ҚР ҰЯО РМК-ның 2015 – 2017 жылдарға арналған ғылыми зерттеулерді гранттық қаржыландыру конкурсына ұсынылатын келешекті жобалары қаралды.
ҚР ҰЯО