2016 жылдың 26 тамызында Ядролық физика институтына Кореядан Пусан Технопаркінің Вице-президенті – Ким Ен Сек, Конвергентті медициналық технологиялар орталығының директоры – Парк Ик Мин, Пусан Ұлттық Университетінің торакальді хирургия дәрігері – И Хо Сек, Донгнам радиология және медициналық ғылымдар институтының радиологиялық зерттеулер бөлімінің бастығы – Ли Ман Ву делегациясы келді.

Делегаттар ЯФИ РМК бас директоры С.Қ.Сахиев бастаған жетекші мамандарымен кездесті және ядролық медицина мен ядролық технологиялар саласында бірлескен ынтымақтастықтың болашағын талқылады.

Қонақтар медицина және өнеркәсіп үшін радиоизотоптарды өндіру бойынша жаңа С-30 циклотронның мүмкіндіктерімен танысты және ЭЛВ-4 электрондық үдеткіштің өндірістік алаңына барды.
 

ЯФИ