2016 жылы АҚШ өткiзу белгіленіп отырған ядролық қауіпсіздік жөніндегі төртінші Ғаламдық Саммитке дайындық бойынша ұлттық үйлестірушілердің («шерпалардың») отырысы 8-10 желтоқсан аралығында Алматы қаласында болып өтті. Осы іс-шара аясында 10 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Ядролық физика институтында (ЯФИ) техникалық айналымы өткізілді, ол жерде қонақтар ССР-Қ зерттеу реакторында, салынып жатқан Ядролық медицина және биофизика орталығының радиофармпрепараттар өндірісі корпусында, Комплекстік экологиялық зерттеулер орталығының зертханаларында болды. Сонан соң «Азаматтық сектордың жоғары байытылған уранды қолданбайтын технологияларға көшірілуін экономикалық ынталандырудың негізділігі» тақырыбына дөңгелек үстел отырысы болып өтті, онда ЯФИ Бас директорының бірінші орынбасары П.В. Чакров баяндама оқыды. Қазақстан Республикасы делегациясын ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Е.Н. Ашикбаев және ҚР ЭМ Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің төрағасының орынбасары Т.М Жантикин басқарды.

Ядролық қауiпсiздiк жөніндегі Бiрiншi Саммит 2010 жылы Вашингтонда (АҚШ), екiншiсі –2012 жылы Сеулде (Корея Республикасы), үшiншiсі – 2014 жылы Гаагада (Нидерланды) болып өттi. Саммиттердің жұмысына Қазақстан Республикасы басынан бастап қатысып келеді. Ядролық қаруды таратпау режимі мен ядролық қауiпсiздiктi физикалық күшейтудi қолдауда Қазақстанның белсендi ұстанымы кеңінен танымал және белгiлi.

ЯФИ РҚ