2017 жылдың 23 қарашасында Тәжікстан Республикасы Душанбе қаласында Беларусь Республикасының Энергетика министрі орынбасары Михаил Иванович Михадюктің төрағалығымен атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану бойынша ТМД қатысушы-мемлекеттер Комиссиясының он сегізінші отырысы өтті.
Іс-шараға ТМД қатысушы-мемлекеттердің бейінді мекемелердің және ұйымдардың сарапшылары, Армения Республикасы, Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғызстан Республикасы, Ресей Федерациясы және Тәжікстан Республикасы атынан Комиссия мүшелері қатысты.
«Уран өндіру өнеркәсібінің ықпалына ұшыраған аймақтарды рекультивациялау» ТМД мемлекетаралық мақсатты бағдарламасын жүзеге асыруды барысы туралы мәселелерді қарастыру кезінде Қырғызстан Республикасы рекультивация объектілерінде инженерлік инфрақұрылымды жасау бойынша іс-шаралардың басталғандығы, сондай-ақ Тәжікстан объектілерінің жобалық-сметалық құжаттары осы елдің құзыретті орган сараптамасының аяқталғандығы атап өтілді. Отырыстың қатысушылары Қазақстан Республикасы территориясында орналасқан ядролық объектілері мұрасын қосуға қатысты Бағдарламаға өзгерістерді, сондай-ақ Тәжікстан Республикасында Бағдарламаның екінші кезеңнің іс-шараларын қаржыландыруын мақұлдады.
Кадрлерді дайындау бойынша Негізгі ұйымдардың ұлттық орталықтарының желілік құрылымдардың қызметтерінде анағұрлым прогрессі атап өтілді. Мамандарды оқыту үшін қолданылатын өзара әрекеттесудің технологиялық процедуралары жүйелік негізінде Достастық елдерінде қолдану үшін ұсынылды. Тәжікстан Республикасының Ғылым академиясының негізінде кадрлерді дайындаудың Негізгі ұйымдардың ұлттық орталығын құру туралы Тәжікстан Республикасының ұсынысы қолданды.
Беларусь Республикасы Ұлттық ғылым академиясының қазақстандық материалтанулық токамактың негізіндегі эксперименттік кешеніндегі зерттеудің халықаралық бағдарламасына қосылу туралы жариялады, қазіргі кезде оған Қазақстанның және Ресейдің ұйымдары қатысушы болып табылады.
ТМД қатысушы-мемлекеттердің ядролық және радиациялық қауіпсіздік Концепциясын жүзеге асыру бойынша бірінші кезектегі іс-шаралардың Жоспарын жүзеге асыру шеңберінде Тәуелсіз мемлекеттер достастығы қатысушы-мемлекеттердің территориясы арқылы радиоактивті материалдарды транзиттік тасымалдау туралы келісім жобасын әзірлеу туралы бастамашылық ұсыныс мақұлданды.
Сонымен қатар, Комиссия «ТМД қатысушы-мемлекеттердің иондаушы сәулелену көздердің тізіліміне үлгілік талаптар» құжатын мақұлдады және радиоактивті көздердің орын ауыстыру мәселелері бойынша ТМД қатысушы-мемлекеттердің ақпарат алмасуының бірыңғай тәртібін және формасын әзірлеуді тапсырды.
Тәжікстан Республикасының өкілдері Комиссия мүшелерін «Аргус-ФТИ» (Душанбе қ.) ерітпе реакторын қалпына келтіру жобасымен таныстырды. Осы реакторда ғылыми зерттеудің халықаралық бағдарламасын әзірлеу мәселесін пысықтауды ұсынылды.
Атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану бойынша ТМД қатысушы-мемлекеттердің кезекті отырысын 2018 жылдың екінші жартысында Қырғыз Республикасында өткізуді жоспарланды.
ҚР МЭ