18 маусымда басталған жыл сайын өткізілетін «Жас физик» жазғы мектебі салтанатты түрде сертификаттар тапсыру және жеңімпаздарды марапаттау арқылы өз мәресіне жетті. Биылғы жылы оған Курчатов қаласындағы орта мектептердің 9-10 сыныптарынан 50 оқушы қатысты.
2018 жылы жазғы мектеп бағдарламасымен ҚР Ұлттық ядролық орталығы мен Ядролық технологиялар паркінде үлкен көлемде дәрістік және практикалық сабақтар өткізу көзделген болатын.
Жас физиктер үшін Ұлттық ядролық орталық және Семей сынақ полигоны мұражайына, «EAGLE» стендтік кешеніне, қазақстандық КТМ материалтану токамагы кешеніне экскурсиялар ұйымдастырылды. Оқушылар Радиациялық қауіпсіздік және экология институтының зертханасында адам ағзасындағы радионуклидтерді анықтауға үлкен қызығушылықпен қатысып, жанды объектілердегі «мутацияны» зерттеді.
Жазғы мектепті дайындап өткізуге ҚР ҰЯО Жас ғалымдар мен мамандар кеңесі белсенді түрде қатысып, ең талапты және білімді оқушыларды анықтау бойынша конкурс өткізді.
Аталған мектепке қатысу оқушылардың ядролық және радиациялық физика, радиобиология саласынлағы білімін арттыруға мүмкіндік берді. Балалардың өз ойынша, бұл олардың болашақта мамандық таңдауына үлкен түрткі болмақ.
ҚР ҰЯО