2019 жылғы ақпанда америкалық делегацияның ҚР Ұлттық ядролық орталығына сапары өтті, оның барысында 2018 жылғы бірлескен жобаларды іске асыру жөніндегі есептер, сондай-ақ 2019 жылға арналған жұмыс жоспарлары ұсынылған жұмыс кеңестері өткізілді.
"Тәжірибе алаңы" сынақ алаңында құрамында ядролық қызметтің қалдықтары бар объектілерді қорғауды күшейту жөніндегі жұмыстардың нәтижелері, сондай-ақ "Ақтан-Берли" сынақ алаңын егжей-тегжейлі радиологиялық тексеру және осы алаңда объектілерді физикалық қорғауды күшейту нәтижелері неғұрлым егжей-тегжейлі қаралды. Америкалық тарап сондай-ақ ҚР ҰЯО базасында ядролық және радиациялық аварияларға ден қою жөніндегі авариялық-техникалық орталық құру жобасын іске асыру мүмкіндігін қарастыруды ұсынды. Естеріңізге сала кетейік, 2018 жылғы желтоқсанда Қазақстан Республикасы мен АҚШ-тың қатерді бірлесіп қысқарту бағдарламасы шеңберінде іске асырылған жаппай қырып-жою қаруының таралуын болдырмау саласындағы бірлескен жұмыстарына 25 жыл толды.
Мерейтойлық іс-шаралардың құрметіне Қазақстан мен АҚШ-та кездесулер өткізілді, оның қорытындысы Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Ұлттық ядролық орталығы мен Америка Құрама Штаттары Қорғаныс министрлігінің бұрынғы Семей сынақ полигоны аумағындағы қауіпсіздікті және ұзақ мерзімді қызметті қамтамасыз ету үшін қатерді азайту жөніндегі агенттігі арасындағы функциялар мен міндеттемелер туралы хаттамаға қол қою болды. Америкалық делегацияның сапары және жоспарланған жаңа жұмыстарды талқылау осы Хаттаманы іске асырудың маңызды кезеңдерінің бірі болды. Суретте ҚР Ұлттық ядролық орталығы делегациясының АҚШ-қа сапары, 2018 жылғы желтоқсан.
ҚР ҰЯО