«Жаһандық ядролық қауіпсіздік» бағдарламасының іс-шаралары шеңберінде 2019 жылдың 7 наурызында Ядролық физика институтының Ядролық қауіпсіздік жөніндегі оқу орталығы базасында (бұдан әрі – ЯҚОО) АҚШ Қорғаныс министрлігі Қатерді азайту жөніндегі агенттігінің және АҚШ-тың Астанадағы Елшілігінің өкілдерімен жұмыс бабындағы кездесуі өтті.
Кездесу барысында тараптар ЯҚОО оқу периметрін жаңғырту, физикалық қорғау жүйесінің аналогтық камераларын цифрлы құрылғылармен ауыстыру мүмкіндігі бойынша істер жағдайын, сондай-ақ «Жаһандық ядролық қауіпсіздік» бағдарламасы аясында алдағы ынтымақтастық жөніндегі ұсыныстарды талқылады.
ҚР ЯФИ