«50 астам алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарын, ғылыми-зерттеу және ақпарат орталықтарын біріктіретін беделді және ықпалды қоғамдық құрылыммен – Қазақстан ядролық қоғамымен бүгін қол қойылған меморандум біздің ынтымақтастығымыздың басты бағыттарын ресми түрде ғана тіркеді, - деп атап өтті Константин Воробьёв. Біздің бірлескен қызметіміздің жақсы стратегиясы бар: біз оқушылар арасында «Формула интеллекта – 2019» интеллектуалды ойындар бойынша халықаралық чемпионатын өткіздік, «Россия глазами казахстанских детей» балалар суреттерінің байқауын ұйымдастырдық».
«Біздің басты мақсатымыз, - деп мәлімдеді Тоғжан Сейфуллина, - 2020 жылға дейін қызық әрі маңызды жоба – ТМД мемлекеттерінің инновациялық ынтымақтастығының мемлекетаралық бағдарламасы болашақта дамытылуы үшін оны жүзеге асыру механизмдерін реттеу болып табылады».
Атом энергиясы бойынша ақпараттық орталықтың директоры Сейіт Алиев болашақ жоспарлар жайлы айтып берді: «Жақын арада Ресеймен ынтымақтастық өкілдерімен бірге біз Космонавтика күніне арналған «Гагарин сабағын» өткіземіз. Сәуір айының соңында Қазақстан ядролық қоғамы Евразиялық кітап көрмесі-жәрмеңкесінде Ресей ғылым және мәдениет орталығының стендінің қонағы болмақ».