2019 жылдың 15-19 сәуірі аралығында Ядролық физика институтының Ядролық қауіпсіздік жөніндегі оқу орталығының базасында АҚШ Қорғаныс министрлігінің Қатерді азайту жөніндегі агенттігі мен Қазақстан Үкіметі арасындағы ядролық қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық шеңберінде ядролық материалдарды (ЯМ) есепке алу мен бақылаудың ақпараттық жүйесін жаңғырту мәселелері жөнінде жұмыс кеңесі өткізілді.
Кеңес жұмысына АҚШ Қорғаныс министрлігінің Қатерді азайту жөніндегі агенттігі, АҚШ Энергетика министрлігінің Брукхевен ұлттық зертханасы, ЮРС Федерал Сервисез Интернэшнл компаниясы, Самғау компаниясы, АҚШ NAC International компаниясы, Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті, ҰЯО, ЯФИ, ҮМЗ өкілдері қатысты.
Кездесудің мақсаты – қондырғы деңгейінде, сондай-ақ мемлекеттік орган деңгейінде ЯМ есепке алу және бақылау рәсімдеріне арналған NAC Reporter программасын тестілеу және онымен жұмыс істеудің практикалық дағдыларын оқыту. Кеңес барысында жобаның пилоттық (сынамалы) фазасын орындау мәселелері және NAC Reporter программасын аттестаттау және сертификаттау бойынша орындалған жұмыстардың нәтижелері, оны одан әрі сүйемелдеу мәселелері талқыланды.
ҚР ҰЯО