ҚР ҰЯО РМК көптеген жылдар бойы қызмет ету мерзімі өтіп кеткен қатты радиоактивті қалдықтарды және иондаушы сәулелену көздерін (ИСК) ұзақ мерзімді сақтауға қабылдаумен айналысып келеді, бұл ретте, әдетте, қабылдау рәсімі шеңберінде қаптамалардан иондаушы сәулелену көздерін шығару, радиациялық-қорғау камерасындағы көздерді сәйкестендіру және "Байкал-1" ЗРК қоймасында одан әрі ұзақ уақыт сақтау үшін радиациялық көздерді қорғаныш қапшықтарға қаптау жүзеге асырылады.

Осы қызметті жүзеге асыру барысында құрамында ИСК бар 15-тен астам ірі габаритті бұйымдар, аспаптар мен қондырғылар қабылданды. Бұл бұйымдардың көлемі едәуір ірі және салмағы ауыр болғандықтан, ҚР ҰЯО РМК-да бар технологиялар мен жабдықтарды пайдалана отырып, олардан сәулелену көздерін алып шығуға мүмкіндік болмады, атап айтқанда радиациялық-қорғау камерасы мен технологиялық тиеу ойықтарының көлемі бойынша шектеулер болды.

2017 жылдың маусым айында "Ядролық технологиялар қауіпсіздігі" ҒТО, ҚР Ұлттық ядролық орталығы, сондай-ақ "МАЭК-Қазатомөнеркәсіп" ЖШС мен "ИзотопСнабСервис" ЖШС арасында құрамында ИСК бар және ҚР ҰЯО-ға сақтауға орналастырылған ірі габаритті радиоизотоптық аспаптармен (РИА) жұмыс істеу бойынша шарт жасалды. Шарттың мәні бойынша ірі көлемді радиоизотопты аспаптарды дайындап, "МАЭК-Қазатомөнеркәсіп" ЖШС-на тасымалдау, иондаушы сәулелену көздерін алу, сәйкестендіру және қорғалатын контейнерлерге тиеу, алынған ИСК мен зарядсыздандырылған РИА-ны "МАЭК-Қазатомөнеркәсіп" ЖШС-нан Ұлттық ядролық орталыққа тасымалдау жөніндегі жұмыстар орындалуы тиіс болды.

Аталған шартқа сәйкес 2017 жылғы шілде мен қазан аралығында "Байкал-1" ЗРК объектісінде РИА-ның бір бөлігі зарядсыздандырылып, алынып, "Байкал-1" ЗРК қоймасына сақтауға орналастырылды.

2017 жылғы қараша мен 2019 жылғы маусым аралығында қалған РИА-ны "МАЭК-Қазатомөнеркәсіп" ЖШС-на тасымалдау бойынша жұмыстардың соңғы көлемі орындалды: радиациялық көздер алынып, қорғалатын камераларға тиелді. Содан кейін зарядсыздандырылған радиоизотоптық аспаптар мен ИСК салынған қорғау контейнерлері ҚР Ұлттық ядролық орталығына тасымалданды.

Радиациялық-қорғау камерасында иондаушы сәулелену көздері контейнерлерден алынып, сәйкестендірілді және "Байкал-1" ЗРК қоймасында ұзақ мерзімді сақтауға орналастырылды.
 

ҚР ҰЯО