Юкия Амано Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттігіне 2009 жылы басшылық етті, бұған деін ол агенттікте Жапонияның тұрақты өкәлі және елшісі болды.
Бұған қоса дипломат Біріккен Ұлттар Ұйымында (БҰҰ) қызмет атқарды, 1972 жылдан бастап Жапония шет ел министірлігінде түрлі мансаптарды иеленген.
Қарусыздандыру және ядролық қаруды таратпау мәселелерінде маманданған.
*Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік (АЭЖХА)(International Atomic Energy Agency — IAEA) – атом энергиясын бейбіт мақсаттарда қолдану саласындағы ынтымақтастықты дамытуға бағытталған халықаралық және үкіметаралық ұйым.
Ұйым іргетасы 1957 жылы қаланды. Штаб-пәтері Вена қаласында орналасқан (Халықаралық Вена орталығы)
АЭЖХА атом энергиясының дамуының мәселелерін талқылау үшін халықаралық форумдарды шақырады, зерртеу жұмыстарын атқаруға көмек қрсету үшін сан-алуан елдерге мамандарды жібереді, ядролық қондырғылар мен материалдарды тасымалдауға арналған үкіметаралық дәнекерлік қызмет атқарады, бақылау қызметін атқарады, әсіресе, тікелей агенттікпен немесе оның жәрдемімен көрсетілетін көмектің кез-келген әскери салаларда қолданылмауын бақылайды. АЭЖХА ядролық энергетика қауіпсіздігіне аса көңіл аударады, әсіресе 1986 жылы Чернобыль атом электр станциясындағы орын алған апаттан кейін.