2019 жылдың 2 – 6 қазаны аралығында ЯФИ РМК делегациясы Chiyoda Technol Со. (СТС) компаниясының басшылығымен өтетін кеңеске қатысу үшін Жапонияның Токио қаласына іссапармен барды. Мақсат – ұйымдар арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту. Одан бөлек, 4-ші буындағы сұйықтұзды реактордың отынын эксперименттік зерттеу жобасы бойынша жапондық Thorium Tech Solution Inc (TTS) компаниясының басшылығымен кеңес құрылды. ЯФИ РМК делегациясының құрамында – бас директор Е.А. Кенжин, ССР-Қ реактор кешенінің жетекші ғылыми қызметкері Ш.Х. Гизатулин және Бүлдірмейтін бақылау әдістері жөніндегі орталықтың бастығы Е.Л. Ермаков болды.
СТС компаниясының басшылығымен өткен келіссөздер нәтижесінде, өнеркәсіптік мақсаттағы иридий (Ir-192) және кобальт (Co-60) изотоптарын өндіру жұмыстарының басталуы бойынша уағдаластыққа қол жеткізілді. Изотоптарды экспорттауға арналған коммерциялық келісім-шарттарды әзірлеу үшін Ir-192 мен Co-60 изотоптарын сәулелендіру технологиясын эксперименттік пысықтау бойынша жұмыстардың бірінші кезеңіне арналған келісім-шарттарға қол қойылды.
4-ші буындағы сұйықтұзды реактордың отынын эксперименттік зерттеу жобасы бойынша жапондық Thorium Tech Solution Inc (TTS) компаниясының басшылығымен жүргізілген келіссөздердің нәтижесінде жұмыстардың бірінші кезеңіне арналған келісім-шартты қол қоюға дайындау үшін компанияның өкілетті өкілінің ЯФИ-ге келуі бойынша уағдаластыққа қол жеткізілді.
Одан бөлек, Жапонияның Takasaki қаласындағы Ұлттық кванттық және радиологиялық ғылымдар мен технологиялар орталығының Перспективалы радиациялық зерттеулер институтының басшылығымен кездесу ұйымдастырылды. Қолданбалы радиациялық технологияларды әзірлеуде екіжақты ынтымақтастықты дамыту туралы келісімге қол жеткізілді.
ЯФИ ҚР