Кепілді қор

10 желтоқсанда Үлбі металлургиялық зауытының аумағында орналасқан Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің төмен байытылған уран банкінде (АЭХА ТБУ Банкі) «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-дан уран гексафториді (УГФ) түрінде төмен байытылған уранның екінші және соңғы партиясы жеткізілді. Бірінші партия 17 қазанда Orano Cycle француз компаниясынан жеткізілген болатын. АЭХА ТБУ Банкі жобасы құру, салу және орналастыруға дайындық кезеңдерінен пайдалану кезеңіне өтті.
 

Жалпы алғанда, Банкте 90 тоннаға жуық төмен байытылған уран бар, ол бұрын ҮМЗ-да өзінің өндірістік қоры ретінде сақталған уран мөлшерінің 10 пайыздан азды құрайды.

Уран гексафториді түріндегі ТБУ – стандартты жеңіл сулы реактор үшін отын дайындауға арналған бастапқы шикізат. УГФ беріктігі жоғары болаттан жасалған герметикалық болат цилиндрлерде қатты күйінде сақталады. Бұл қатаң сынақтардан өткен және барлық халықаралық қауіпсіздік стандарттарына сәйкес келетін арнайы сертификатталған контейнерлер. Сақтау процесінің қауіпсіздігі цилиндрлердің герметикалығының бұзылуын болдырмайтын бірқатар ұйымдастырушылық және техникалық іс-шараларды қамтамасыз етеді.

ТБУ банкі – АЭХА бақылауындағы және меншігіндегі ерекше қажеттілігі үшін төмен байытылған уран резерві. АЭХА ТБУ банкін құрудың мақсаты – АЭХА-ға мүше жекелеген мемлекеттерде ядролық отын өндіру үшін шикізаттың кепілді қорын қалыптастыру. Бұл шикізатты жеткізуге қатысты кідіріс болған жағдайда мұндай елдер Банкте сақталатын ТБУ пайдалана алады.

Қауіпсіздік кепілдіктері

ҮМЗ ТБУ сақтаудың қауіпсіздігіне кепілдік береді, ал АЭХА оны тасымалдауға жауапты. ТБУ сақтауға арналған контейнерлер қоршаған ортаға зиянды әсерді толығымен болдырмау үшін әзірленген, үлкен механикалық жүктемелерге төтеп бере алады және ұзақ пайдалануға арналған.
 

АЭХА ТБУ Банкі үшін орынды Үлбі металлургия зауытын кездейсоқ таңдап алған жоқ. Кәсіпорын уран гексафторидімен жұмыс істеудің 45 жылдан астам тәжірибесіне ие. Мұнда барлық қажетті инфрақұрылым бар: білікті персонал, көліктік қолжетімділік, физикалық қорғаудың сенімді жүйесі. Банкті күзетуді мамандандырылған мемлекеттік құрылым жүзеге асырады.

АЭХА ТБУ Банкіні орналастырған құрылыс ғимараты ҚР заңнамасының, АЭХА басшылық құжаттарының және қауіпсіздік жөніндегі басшы құжаттардың талаптарын ескере отырып салынған, ол жер сілкіністеріне төзімді және барлық қажетті қауіпсіздік және бақылау жүйелерімен қамтамасыз етілген.
 

Материалды қабылдау кезінде ҮМЗ мамандары халықаралық және қазақстандық стандарттарға сәйкес барлық қажетті өлшеулер жүргізді. Сондай-ақ, радиациялық фонға бақылау жүргізілді, ол ТБУ Банкі шекарасында өзгерген жоқ және материалды тиегеннен кейін табиғи фон деңгейінде қалған. АЭХА сарапшылары материалдардың қауіпсіз орналасу процесінің барлық барысын бақылады.


Маңызды қадам

АЭХА ТБУ Банкін еліміздің аумағында орналастыру Қазақстан мен АЭХА-нің өзара тиімді ынтымақтастығын қамтамасыз етеді. ТБУ банкін құру ядролық таратпау үдерісіндегі маңызды қадам болды, бұл Қазақстанды бейбіт бастаманың елеулі қатысушы етеді.

  • «Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ - атом энергетикасы, электрондық, металлургия өнеркәсібі және басқа да қызмет салаларының қажеттіліктері үшін әлемде танылған уран, бериллий, тантал және ниобий өнімдерін өндірушілердің бірі. Кәсіпорын «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясының құрамына кіреді.
  • Қазатомөнеркәсіп – әлемдегі ең ірі уран өндіруші компания. 2018 жылы Компанияның қатысу үлесі негізінде табиғи уран өндірісі әлемдегі жиынтық уран өндірісінің шамамен 23% құрады. Топ саладағы аса ірі резервтік уран базасына ие. Қазатомөнеркәсіп еншілес, тәуелді және бірлескен кәсіпорындарымен бірге 26 учаскені игеретін 13 уран өндіруші кәсіпорынның басын біріктіреді. Уран өндіруші кәсіпорындар Қазақстан Республикасы аумағында орналасқан, сонымен қатар барлық кәсіпорындарда жер асты ұңғымалы шаймалау (ЖҰШ) әдісін қолданады және денсаулық сақтауды, өнеркәсіптік қауіпсіздік пен қоршаған ортаны қорғауды алдыңғы қатарлы тәжірибелерді қолдануына басымдық назар бөлінеді.

Қазатомөнеркәсіптің бағалы қағаздары Лондон қор биржасында және «Астана» халықаралық биржасында орналастырылған. Қазақстан Республикасының ұлттық атом компаниясы ретінде, топ өнімінің негізгі тұтынушылары атом энергиясын өндіретін компаниялар болып табылса, топ өз өнімін Қытай, Оңтүстік-Шығыс Азия, Солтүстік Америка және Еуропа нарығына экспорттайды. Топ уран және уран өнімін жеткізуді ұзақ және қысқа мерзімді келісімшарттар аясында, сондай-ақ споттық нарықта тікелей Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан бас кеңсе арқылы немесе Швейцарияда құрылған Trading House KazakAtom (THK) еншілес кәсіпорны арқылы жүзеге асырады.
 

Толық ақпарат біздің сайтымызда: http://www.kazatomprom.kz

«ҮМЗ» АҚ баспасөз қызметі