"Қазатомөнеркәсіп" Ұлттық атом компаниясы" АҚ ("Қазатомөнеркәсіп " немесе " Компания") қазіргі уақытта қабылданған шараларды және бизнес үшін ықтимал болашақ салдарларды қоса алғанда, Covid-19 індетінің Компанияның қызметіне әсері туралы ақпарат береді.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Covid-19 вирусының өршуін пандемия деп жариялады және Қазақстанда аурудың алғашқы жағдайлары расталғаннан кейін 2020 жылғы 15 наурызда Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бүкіл ел бойынша төтенше жағдай енгізілгенін жариялады. Президент Жарлығы 2020 жылғы 16 наурыздан бастап 2020 жылғы 15 сәуірге дейін күшінде болады деп күтілуде, толық ақпаратты Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтынан алуға болады: https://www.akorda.kz/ru/legal_acts/decrees/o-vvedenii-chrezvychainogo-polozheniya-v-respublike-kazahstan

"Коронавирустың өршуі - ең алдымен жаһандық төтенше жағдай, одан жүздеген мың адам зардап шегеді", - деді компанияның Басқарма төрағасы Ғалымжан Пірматов. - Вирустың таралуы жалғасуынa байланысты оның бизнес пен әлемдік экономикаға әсері сөзсіз артады. Бұл жағдайда Қазатомөнеркәсіптің басымдығы қызметкерлердің денсаулығы мен қауіпсіздігі болып табылады. Біз жағдайды үнемі бақылау үшін жедел штаб құрдық және қызметкерлеріміз бен олардың отбасыларын қорғау үшін дереу шаралар қабылдадық. Қазіргі уақытта қатаң алдын алу шаралары қолданылады, оның ішінде жоғары тәуекел санатына жататын қызметкерлердің кейбір топтарын қашықтықтан жұмыс істеуге ауыстыру, ауысымнан кейінгі қашықтықтан жұмыс кестесін енгізу және мүмкін болған жерде және одан тыс барлық шығуларды, ішкі орын ауыстырулар мен тікелей байланыстарды шектеу. Бүгінгі таңда біз 2020 жылға арналған өндіріс және сату жоспарларын ұстанамыз, бірақ жағдай тез өзгеруде және біз әр түрлі сценарийлерге дайындалып жатырмыз".

Қазатомөнеркәсіптің уран өндіруші кеніштері негізінен Қазақстанның оңтүстік өңірлерінің шалғай жерлерінде орналасқан және қазіргі уақытта пандемия уран өндіру немесе қайта өңдеу жөніндегі Компанияның қызметіне әсер еткен жоқ. Алайда, кәсіпорындардың қашықтығы кеніштер мен вахталық кенттерде өндірістік, техникалық, қызмет көрсету және қосалқы персоналдың тікелей физикалық қатысуын талап етеді. Осылайша, COVID-19 денсаулық пен қауіпсіздік тұрғысынан осы жерлерде және/немесе негізгі жұмысшыларды карантинге қою жағдайында үлкен проблема тудыруы мүмкін. Осыған байланысты, COVID-19 таралуын азайту үшін қабылданған шаралардан басқа, Компания өндіріс пен жеткізілімнің әртүрлі сценарийлерін бағалайды. Қазатомөнеркәсіп осы жаһандық пандемия кезінде адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қоршаған ортаны қорғау және өзінің өндірістік активтерін тиісінше басқару үшін қажетті іс-қимылдарды дереу қабылдайды. Мұндай әрекеттер, олар қабылданған жағдайда, бір немесе бірнеше өндірістік объектілердің алдын-ала тоқтауына байланысты өндіріс деңгейінің төмендеуіне әкелуі мүмкін.
Егер жағдай уран өндіруге немесе материалды жеткізуге әсер ететін болса, онда Қазатомөнеркәсіптің өндірістік шешімдері мен оның келісімшарттық міндеттемелері қорлармен (дайын өнімнің қалдықтарымен) кепілдендіріледі және Компания өз міндеттемелерін орындау мақсатында жеткізу көздерін басқаруға жауапты әрі тәртіпті тәсілді сақтайды. 2019 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша компанияның дайын өнімінің қалдықтары 8 500 тоннадан астам U3O8 құрады, бұл Компанияның 2020 жылға арналған шамамен сегіз айлық өндіріс көлеміне (иелену үлесіне пропорционалды) сәйкес келеді.

Қазатомөнеркәсіп мүдделі тараптарды Covid-19-ға байланысты кез келген өзгерістер және/немесе компания қызметі үшін тиісті салдарлар туралы хабардар ететін болады.

Қосымша ақпарат алу үшін хабарласуға болады:

Инвесторлармен өзара іс-қимылға байланысты мәселелер бойынша

Кори Кос (Cory Kos), IR және PR департаментінің директоры

Тел: +7 7172 45 81 80

Email: ir@kazatomprom.kz

Қоғаммен байланыс және БАҚ сұраулары бойынша

Торғын Мұқаева, IR және PR департаменті директорының орынбасары

Тел: +7 7172 45 80 63

Email: pr@kazatomprom.kz

Powerscourt-Лондон (Giles Read)

Тел: +44 20 7250 1446

Email: Kazatomprom@powerscourt-group.com

Осы жарнаманың көшірмесі қол жетімді болады www.kazatomprom.kz.