7 сәуiр

«Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық атом компаниясы» АҚ («Қазатомөнеркәсіп» немесе «Компания») COVID-19 өршуінің Компания қызметіне әсер етуіне қатысты жаңартылған ақпаратты хабарлайды.

«COVID-19 әсері бүкіл әлемде сезілуде, осы орайда Қазақстан вирустың таралуының алдын алу үшін күрделі шаралар жасауда, - деді Қазатомөнеркәсіптің Басқарма төрағасы Ғалымжан Пірматов. «Азаматтардың қозғалысын шектеу мен қатаң санитарлық-гигиеналық директиваларды қоса алғандағы Қазақстан Үкіметі енгізген шаралар қазірдің өзінде Қазатомөнеркәсіптің жұмыс істейтін барлық өңірлерін қамтып отыр және біздің барлық кәсіпорындарымыз бен объектілерімізде де қатаң сақталуда. Біз осы жаһандық пандемиямен күресуге көмектесушілердің барлығына, әсіресе медицина қызметкерлеріне, құқық қорғау қызметі мен билік органдарының өкілдеріне алғыс білдіреміз».

«Ағымдағы жағдайда Қазатомөнеркәсіп үшін ең маңыздысы өз қызметкерлері мен олардың жанұяларының, сонымен қатар серіктестері мен жергілікті халықтың денсаулығы. Енгізілген шектеу шараларын сақтау және жергілікті жерлерде жұқтыру мен өршу қаупін төмендету мақсатында, біздің барлық еншілес және тәуелді кәсіпорындары қызметкерлерінің санын мүмкіндігінше ең төменгі деңгейге дейін азайтады. Барлық қосалқы қызметкерлер үйлеріне қайтарылады және олардың жалақысы сақталады, ал өндірісте тікелей жұмыс істейтін қызметкерлер әлеуметтік қашықтық және гигиенаны қатаң сақтау жағдайында қызметтерін жалғастырады. Қазіргі уақытта біз Қазақстанның барлық уран кеніштерінде осы шешімнің толық әсерін және егжей-тегжейлі іске асырылуын бағалауға қатысты бірлескен кәсіпорындар бойынша өз серіктестерімізбен жұмыс жүргізудеміз және осындай қиын кезеңдерде олардың қолдауын жоғары бағалаймыз».

Айтылған шаралар үш ай мерзімге енгізіледi деп күтілуде. Бұл жағдай өз нәтижесінде кен орындарын игеру қызметінiң төмендеуіне және одан әрі уран өндірісінің қысқаруына әкеледі. Осыған сүйене отырып, 2020 жылы Қазақстандағы уран өндірісінің көлемі 4 000 тоннаға дейiн қысқартылады (бұрын 100% негізінде 22 750 - 22 800 тонна), алайда өндіріске нақты әсерi осы бағалаудан өзгеше болуы мүмкін.

Өндіріс деңгейінің төмендеуі Қазатомөнеркәсіптің 2020 жылға арналған сату көлемі бойынша міндеттемелеріне әсері болмайды деп күтілуде, бұл Компанияның атом өнеркәсібінің сенімді жеткізушісі ретіндегі мықты позициясын растайды. Компания өзінің барлық клиенттерін олардың алдындағы келісімшарттық міндеттемелерi толық көлемде орындалатыны жайлы хабардар етті.

Жаңартылған макроэкономикалық көрсеткіштерге талдау және АҚШ долларына теңге бағамын тұрақтандыру аяқталғаннан кейін, Компания 2020 жылғы 1 тоқсандағы Компания қызметінің операциялық нәтижелерін шығару шеңберінде иелену үлесіне, түсімге, күрделі шығындарға, «Ақшалай өзіндік құны (С1)» және «Ақшалай өзіндік құны + күрделі шығындар (AISC)» көрсеткіштері бойынша 2020 жылға жаңартылған күтімдерді ағымдағы жылдың 4 мамырында ұсынуды жоспарлап отыр.

Қазатомөнеркәсіп 2020 жылы дивидендтерді кемінде 200 миллион АҚШ доллары деңгейінде төлеумен өзінің дивидендтік саясатына бейілділігін сақтайды. Компания сондай-ақ қаржылық тұрақтылық пен борыштық жүктеменің тұрақты көрсеткіштерін сақтайды.

Дәл қазіргі уақытта, COVID-19 пандемиясы бүкіл әлем бойынша ауруханалар, көлік, телекоммуникация және тамақ өнімдерін сақтау, сондай-ақ үйлерді жылыту және жарықтандыру сияқты өмір сүрудің басты қажеттіліктерін қолдау үшін қажетті сенімді әрі таза электр қуатымен қамтамасыз етудегі атом энергиясы рөлінің маңызыдылығын айқын көрсетеді.

Нақтырақ ақпарат алу үшін хабарласа аласыздар:

Инвесторлармен өзара іс-қимыл жасауға байланысты мәселелер бойынша

Кори Кос (Cory Kos), IR мен PR департаментінің директоры

Тел: +7 7172 45 81 80

Email: ir@kazatomprom.kz

Қоғаммен байланыс және БАҚ сұраулары бойынша мәселелер

Торғын Мукаева, IR мен PR департаменті директорының орынбасары

Тел: +7 7172 45 80 63

Email: pr@kazatomprom.kz

Powerscourt – Лондон (Giles Read)

Тел: +44 20 7250 1446

Email: Kazatomprom@powerscourt-group.com

Осы хабарландырудың көшірмесі www.kazatomprom.kz сайтында қолжетімді