Қауіпсіздігі жоғары жаңа АЭС-терді жобалау кезінде, сондай-ақ авариялық АЭС-та кориуммен жұмыс істеу жөніндегі іс-шараларды жоспарлау және жүзеге асыру үшін кориумның қасиеттері және активті аймақтың еруімен және өтпелі және авариялық режимдерде ядролық реакторлардың отынының, материалдары мен конструкцияларының мінез-құлқымен байланысты процестер туралы деректер қажет.
Модельдік эксперименттерде алынған кориумның физика-химиялық және жылу-физикалық қасиеттерін зерттеу ҚР Ұлттық ядролық орталығында жүргізіледі.
Ауыр апат кезінде ядролық реакторда кориуммен болатын процестерді модельдеу бойынша эксперименттер ВЧГ-135 Жоғары температуралы модельдеу стендінде жүргізіледі. Бұл үлгілерді 3000 °C дейін қыздыруға мүмкіндік беретін ерекше зерттеу құралы.
Температураны өлшеудің негізгі құралы ретінде вольфрам-рений термопаралары қолданылады, ал пирометрлер температураны байланыссыз өлшеу үшін қолданылады.
ВЧГ-135 стендінде қыздырудан кейін үлгілерді зерттеу жаңа жабдықтарды: Enpyrean рентген дифрактометрін, оптикалық және сканерлеуші электрондық микроскоптарды, УТФИ-2 жылу физикалық қасиеттерін анықтау бойынша қондырғыны пайдалана отырып жүргізіледі.
Соңғы 2 жылда ҚР ҰЯО мамандарымен кориумның құрамы мен қасиеттерін жіктеу жүргізілді, қауіпсіздік жүйелерін қамтамасыз ету бойынша міндеттерді шешу үшін қажетті негізгі сипаттамаларды анықтайтын факторлар анықталды.
Жіктеу негізінде кориумды қажетті құрамды алу әдісі жасалды. Техниканы өңдеу барысында қатайған балқымалар және екі түрлі құрамдағы кориумның балқу температурасы бойынша деректер алынды. Сондай-ақ қатайған кориумның сипаттамаларын зерттеу әдістемесі әзірленді және сыналды. Индукциялық әдіспен алынған кориумдағы қалдық энергия шығаруды компьютерлік модельдеу жүргізілді.
Қазіргі уақытта кориумның жылу-физикалық, физика-химиялық және құрылымдық қасиеттері бойынша деректерді алу жұмыстары жалғасуда.
ҚР ҰЯО