18 мамырда Францияның Атом энергетикасы және баламалы энергия көздері жөніндегі комиссариатының өкілдерімен (CEA) SAIGA жобасы бойынша кезекті техникалық кездесу қашықтықтан өткізілді.
Кездесу SAIGA жобасының аяқталуға таяған бірінші кезеңі - ASTRID перспективалық реакторының модель жинағына ИГР реакторында (ҚР ҰЯО) тұзақтық натрий контурын пайдалана отырып сынақтар жүргізу мүмкіндігін техникалық-экономикалық зерттеу қарсаңында өткізілді. Тараптар тұзақтық натрий контурын жобалау бойынша орындалған тапсырмалардың нәтижелеріне қатысты техникалық мәселелерді талқылады. Сондай-ақ эксперименттік құрылғы құрамындағы тұзақтық натрий контурының жылу-гидравликалық есептерінің нәтижелері қаралды, белгіленген режимге және отынның нашарлауына және сынақтар режиміндегі моделдік ЖБЖ құрамындағы сынақ секциясының конструктивтік элементтеріне қол жеткізу процестерінің жылу-физикалық есептеулері және т. б. талқыланды.
Видеоконференция нәтижелері бойынша эксперименттік құрылғының моделдік ЖБЖ құрамында пайдалану үшін әртүрлі байытылатын отын таблеткаларының партиясын дайындауға техникалық талаптар келісілді. Бұдан басқа, қорытынды есепті тапсыру мерзімі және SAIGA жобасының ТЭЗ кезеңін аяқтау нәтижелері бойынша қорытынды кездесу өткізу күні туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.
SAIGA жобасы туралы толық ақпаратпен мына сілтеме бойынша танысуға болады:
www.nnc.kz/media/hea/files/INQlfrb8e9.pdf (18-23 бет.)
ҚР ҰЯО