2020 жылғы 23 маусымда табиғи және нақты ғылымдарды танымал ету және дамыту саласындағы тиімді ынтымақтастық, радиофобия деңгейін төмендетуге жәрдемдесу мақсатында, балаларға қосымша білім беру саласында жастарға инженерлік мамандықтар мен экологиялық тәрбие беруді насихаттауды ниет етіп, Қазақстанның Ядролық қоғамы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы" РМҚК-мен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Өзара ынтымақтастық шеңбері радиофобияны төмендету, бейбіт атом туралы білімді таратуға жағдай жасау және бейбіт атомды дамыту саласындағы негізгі білімді тарату мақсатында балаларға қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдардың мұғалімдеріне үздіксіз білім беру курстарын ұйымдастыруға және өткізуге көмек көрсету мәселелеріне қатысты конференциялар, дөңгелек үстелдер, форумдар, семинарлар, конкурстар, көрмелер, олимпиадалар және басқа да іс-шаралар өткізу болып табылады.