ҚР Ұлттық ядролық орталығы жүргізілген диагностиканың дәлдігіне тікелей әсер ететін рентген аппараттарының негізгі сипаттамаларын бақылау бойынша Қазақстанның медициналық мекемелеріндегі жұмысын жалғастыруда.
Бақылаудың бұл түрі жабдықтың ағымдағы жай-күйін және оның жұмыс істеу сапасын бағалау жөніндегі маңызды іс-шара болып табылады. Өйткені сайып келгенде науқастың, ал кейбір жағдайда дәрігер-рентгенологтың алатын дозасы жабдықтың жұмыс істеу сапасына байланысты болады.
Қазақстан Республикасының нормативтік талаптарына сәйкес рентген-диагностикалық жабдықтардың пайдалану параметрлерін бақылауды қалыпты пайдалану кезінде рентген-аппараттың түріне байланысты ғана емес, сондай-ақ кез келген жөндеу жұмыстарынан кейін де дамыл-дамыл жүргізіп тұру қажет.
ҚР Ұлттық ядролық орталығында бақылаудың осы түрін (лицензия, аккредиттеу) жүргізу үшін барлық қажетті рұқсат құжаттары, сондай-ақ жабдықтардың электрондық тізбектері мен тораптарына араласпай, инвазивті бақылау жүргізуге мүмкіндік беретін заманауи жабдықтар бар. Бақылауды халықаралық оқытудан өткен, үлкен жұмыс тәжірибесі бар жоғары білікті мамандар жүргізеді.
ҚР ҰЯО