27 маусымда Қазақстанның ядролық қоғамы "Атом саласындағы әйелдер" (WIN Russia) халықаралық ұйымының Ресей бөлімшесі ұйымдастырған «Мемлекет, бизнес және адам назарындағы экологиялық күн тәртібіндегі қазіргі тенденциялар» ашық онлайн-семинарына қатысты.
WiN Russia басшысы Алена Яковлева семинарды ашып, былай деді:
Бүгінгі таңда әлемде табиғатқа саналы көзқарас пен экологиялық өмір салтына деген оң үрдіс қалыптасты. Заңнамалық деңгейде көп жұмыс жасалды, қоршаған ортаға ең аз әсер ететін жаңа технологиялар жасалынуда. Қазір дерлік кез-келген кәсіпорын экологиялық мамансыз жұмыс жасай бермейді. Цифрландыру дәуірінде экологиялық білім және ақпараттық технологиялар қоршаған ортаның сапасын бақылау, мониторинг жүргізу және нәтижелерді өңдеуді жеңілдету үшін неғұрлым сенімді деректерді алу процестерін оңтайландыру мен жеделдету үшін бірыңғай шешімдерге біріктірілген.
Семинардың арнайы қонағы Суханос Олеся, «5 маусым» «Кәсіби экологиялық ұйымының» атқарушы директоры семинарға қатысушылармен экология саласында өз білімдерін, құзыреттіліктерін қолдану, технология және цифрландыру саласында жаңа дағдыларды үйрену және экологиялық мониторингтің цифрлық платформасын енгізу мүмкіндігі туралы бөлісті.
«15 жыл Калининград облысында эколог ретінде жұмыс істеген соң, мен кенеттен Мәскеуде IT-маманы болдым. Нәтижесінде мен телекоммуникацияның жаңа әлеміндегі жаңа технологияларды игердім. Бұл ретте мүлдем жаңа "ерлер әлеміне" еніп, адамдардың жаңа ортасымен қарым-қатынас жасауға, экологиямен байланысты цифрлық экономикада жаңа маңызды тәжірибе алуға тура келді».