2020 ж.10 қазанда «Атом саласындағы әйелдер» халықаралық ұйымының (WiN Kazakhstan) Қазақстандық бөлімшесі «Web of Science платформасының көмегімен радиоэкологиялық тақырып үлгісінде тиісті ғылыми ақпаратты іздеу» тақырыбында онлайн-вебинар өткізді.


 

Аталған кездесудің спикері - ядролық және термоядролық реакторлар материалдары саласындағы ғалым-зерттеуші, PhD, Clarivate компаниясының ғылымметрия және оқыту ресурстары жөніндегі маманы Инеш Кенжина болды.

Біздің әйелдер атом клубының дәстүрге айналған сенбілік кездесуінде тыңдаушылар диссертациялар, есептер мен аналитикалық жұмыстар үшін дәлелденген және сенімді ғылыми ақпаратқа қалай қол жеткізуге болатындығы; өз жұмысын жариялау үшін тиісті ғылыми журналдарды қалай таңдауға болатындығы туралы білді. Сонымен, ғылыми жұмыстың бүкіл циклін ұйымдастыруға және жеңілдетуге көмектесетін заманауи ғылымметриялық құралдар дегеніміз не деген сұраққа жауап алды.

Ақпараттың көп бөлігі әлемдегі және ТМД елдеріндегі радиоэкологиялық зерттеулерді талдауға негізделген. Бұл тақырып аудиторияны қызықтыратыны соншалық, спикердің сөзінің соңында оған көптеген сұрақтар қойылды, олардың кейбіреулері радиофобия, ғылыми журналдардағы авторлық, онлайн модульдерді оқыту және т.б. мәселелерге қатысты болды.

Онлайн-вебинардың толық нұсқасымен мына сілтеме бойынша таныса аласыз:

www.youtube.com/watch

 

Сонымен қатар, біздің онлайн-алаңға келген және пікірталасқа белсенді қатысқан WiN Russia өкілдеріне алғысымды білдіргім келеді.

----------------------------------------------------
WiN Kazakhstan* - «Қазақстанның ядролық қоғамы» қауымдастығының бөлімшесі.