«Қазақстанның ядролық қоғамы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы» РМҚК ("РҚББОО" РМҚК, www.ziyatker.org) бірлесіп ұйымдастырған «Энергияның баламалы көздері - Болашаққа қадам» және «Табиғатпен үндестікте өмір сүру» республикалық қашықтық конкурстарының қорытындысы шығарылды.
Байқау жұмыстары электронды түрде 2020 жылдың 7 шілдесінен 28 қыркүйегіне дейін қабылданды және тәуелсіз қазылар алқасы бағалады:
- Кенжина Инеш Ергазыевна — Физика PhD, Эксперименттік және теориялық физика ғылыми-зерттеу институты (ЭТФ ҒЗИ, ҚазҰУ), Алматы қаласы.
- Кунанбаева Тана Курмангалиевна — Семей қаласындағы «№ 43 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ бастауыш сынып мұғалімі, психолог, педагогика ғылымдарының магистрі, педагог-зерттеуші.
- Несипбеков Гани Несипбекович — Гидрогеология PhD, Eurasian Resources Group (ERG), Нұр-сұлтан қаласы.
- Нупеисова Зауре Жетписпаевна — "№47 Балабақша-Мектеп-Гимназия" кешені КММ биология мұғалімі, педагог-шебер, директордың бейіндік оқыту бойынша орынбасары, Нұр-сұлтан қаласы.
- Сатова Карлыгаш Мукашевна — техника ғылымдарының кандидаты, С. Сейфуллин ат. Қазақстан агротехникалық университетінің экология кафедрасының доценті, Нұр-сұлтан қаласы.
Ұйымдастыру комитетіне 135 конкурстық жұмыс келіп түсті. Әр түрлі номинациялардағы конкурс жеңімпаздары І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен және сыйлықтармен марапатталды; конкурс жеңімпаздарының жетекшілері - алғыс хаттармен; орын алмаған қатысушыларға сертификаттар табысталды.
Әріптестердің мекен-жайына: Нұр-сұлтан қ. «№47 Балабақша-Мектеп-Гимназия» КММ және Семей қ. «№ 43 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ балалардың дарындылығын дамытуға және оқушыларда таланттарды қолдауға бағытталған білім беру және тәрбие бағдарламаларын іске асыру саласында көп жылғы ынтымақтастығы үшін алғыс хаттар жіберілді.
Бұл конкурстар жалпы орта, қосымша, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының білім алушылары арасында жаратылыстану-ғылыми білім беруді және білім алушылардың жобалық қызметін танымал ету, балалар мен жастарда саналы мінез-құлық және табиғатты ұтымды пайдалану дағдыларын қалыптастыру мақсатында өткізілді.