2020 жылдың 4 желтоқсанында жыл сайынғы «Қазақстанның ядролық әлеуеті» XVI жастар семинары онлайн режимінде өтті. Семинар Атом энергиясы және ядролық физика, радиоэкология және геофизика, уран өндіру өнеркәсібі, ядролық отын өндірісі, ядролық саладағы құқық, макроэкономикалық және білім беру аспектілері, ядролық саланың маркетингі және стратегиялық дамуы мәселелеріне арналды. Аталған семинардың ұйымдастырушысы – «Қазақстанның ядролық қоғамы».
Семинарға «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ, «Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ, «ОРТАЛЫҚ» өндіруші кәсіпорны» ЖШС, «КАТКО» БК ЖШС, «Қазатомөнеркәсіп SaUran» ЖШС, «Степное РУ» филиалы, «СКЗ-U» ЖШС, «Атом энергиясы институты» ҚР ҰЯО, «Ядролық физика институты» РМК, «РУ-6» ЖШС және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ сияқты Қазақстан Республикасының атом ғылымы мен өнеркәсібі кәсіпорындарының жас мамандары қатысты.
Семинарға қатысушылар атқарылған жұмыс туралы баяндамалар ұсынды, нәтижелерін көрсетті, өз зерттеулерін орындау барысында қандай қиындықтарға тап болғанын айтты, алған білімдері мен тәжірибелерімен бөлісті.
Сондай – ақ, биылғы жылы семинарға шақырылған қонақ – «ТАЙФУН» ҒӨБ» ҒҚБФ жетекші инженері Ирина Александровна Куприянова қатысты. Ирина Александровна қатысушылардың жақсы жұмыс деңгейін атап өтіп, «Ядролық білімді тәжірибеге қалай айналдыруға болады» тақырыбында дәріс оқыды.
Семинар қорытындысы бойынша аттас еңбектер жинағы жарияланады.