«Қазақстанның ядролық қоғамы» 2021 жылы 24 қаңтар, өткен жексенбі күні өмірінің 87-ші жылында ұзақ науқастан кейін қайтыс болған Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген энергетигі Альберт Васильевич Болотовтың қайтыс болуына қатты қайғырады.
Бұл Қазақстанның ғылыми-инженерлік қоғамдастығы үшін орны толмас қаза. Альберт Васильевич Болотов әлемдік баламалы энергетиканың дамуына баға жетпес үлес қосқан көрнекті инженер-энергетик, тамаша ғалым, өнертапқыш болды. Оның көптеген әзірлемелері біздің елімізде және әлемнің көптеген елдерінде жүзеге асырылатыны сөзсіз.
Оның барлық еңбек қызметі энергетика саласымен байланысты болды.
400-ден астам ғылыми мақалалардың және 106 өнертапқыш куәліктерінің авторы.
Қазақстанның халықаралық инженерлік академиясы мен Ұлттық Инженерлік Академиясының (ҚР ҰИА) академигі, ҚР ҰИА Президиумы жанындағы Жоғары Кеңестің мүшесі, Алматы энергетикалық институтының бірінші ректоры, техника ғылымдарының докторы, профессор. Өмірінің соңғы жылдарында Альберт Васильевич «Қазатомөнеркәсіп» АҚ ЖТИ жанындағы баламалы энергетика зертханасының бастығы болып жұмыс істеді.
Осы аза тұту күні біз Альберт Васильевичті білетіндердің, сүйетіндердің және құрметтейтіндердің барлығына шын жүректен көңіл айтамыз. Ол туралы жарқын естелік біздің жүрегімізде мәңгі сақталады, ал оның есімі еліміздің даму тарихында сақталады.
Біз нағыз досымызды, жолдасымызды және пікірлесімізді жоғалттық.
ҚЯҚ президенті - В. Школьник.