«Қазақстанның ядролық қоғамы» 2021 жылы 27 қаңтарда өмірінің 72-ші жылында қайтыс болған Косунов Алмас Олжабайұлының мезгілсіз қайтыс болуына байланысты туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады.

Оның өмірі мен кәсіби тәжірибесі әрқашан сұранысқа ие болды. Ол жомарттықпен білімімен, озық тәжірибелерімен және ақыл-кеңестерімен бөлісті. Қазақстан Республикасы Ғылым министрлігі - Ғылым Академиясының нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету және халықаралық ғылыми-техникалық бағдарламалар департаментінің директоры, "Қазатомөнеркәсіп"ҰАК" акционерлік қоғамы әкімшілігі аппаратының басшысы, ҚР Индустрия және сауда министрлігінің Вице-министрі, Жоғары технологиялар институтының директоры. Оның бүкіл өмірі - Отанға қызмет етудің, таңдалған мұраттарға деген адалдықтың жарқын мысалы.

Ол өзінің үлгісімен адамдарды бей-жай қарамауға, өзгенің проблемалары мен қуаныштарына сезімтал болуға, жұмыста тәртіпті болуға, мақсатқа жетуде табанды болуға үйретті.

Біз оның ұмытылмас өмірлік қуатын, өмірге деген сүйіспеншілігін, жоғары рухани және этикалық қасиеттерін мәңгі есімізде сақтаймыз. Ол туралы жарқын естелік біздің жүрегімізде, ал оның есімі - еліміздің даму тарихында қалады.

ҚЯҚ президенті - В.Школьник.