14-16 сәуір аралығында Ядролық физика институтында Қазақстанның Ғылым күніне арналған I-ші «Атом. Ғылым. Технологиялар» Халықаралық мектеп-конференциясы болып өтті. Конференцияға оның тақырыптамалары бойынша қазақстандық және шетелдік жетекші ғалымдар қатысты, олар конференция тақырыптамалары бойынша ғылыми зерттеулердің соңғы нәтижелерімен таныстыру, жас ғалымдардың зерттеулер жүргізу барысы мен нәтижелерін талқылау мақсатында жас ғалымдар мен мамандарға арналған ғылыми мектеп өткізді. Конференцияға Қазақстан, Өзбекстан және Ресейдің 17 бейінді ұйымдарынан 76 адам қатысты.

Мектеп ұйымдастырушылары:

  • Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің «Ядролық физика институты» РМК
  • ЯФИ РМК жас ғалымдарының кеңесі
  • «Қазақстан ядролық қоғамы» қауымдастығы

 

Конференция онлайн-режимде өтті, мектеп аясында 5 секция бойынша 64 баяндама тыңдалды:

  • Ядролық физика – 12 баяндама
  • Материалтану және жаңа материалдар технологиясы – 14 баяндама
  • Радиациялық экология және талдау әдістері – 17 баяндама
  • Ядролық реакторлар физикасы және техникасы – 9 баяндама
  • Медицина, өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы саласындағы ядролық және радиациялық технологиялар– 6 баяндама.

Конференция қорытындысы бойынша ұйымдастыру комитеті ұсынған баяндамалар тезистерінің жинағы, баяндамалар материалдары қазақстандық деректер базасымен индекстелетін журналдарда жарияланатын болады:

  • ҰЯО хабаршысы;
  • ҚазҰУ хабаршысы, физика, география сериясы;
  • International Journal of Mathematics and Physics.

Сондай-ақ, конференция барысында ТПУ Ядролық технологиялар инженерлік мектебі және Томск ұлттық медициналық зерттеу орталығымен бірлесіп кадрлар даярлау және тәжірибе алмасу бойынша ұсыныстар айтылды.

Аталмыш конференцияны жыл сайын өткізу туралы ұсыныстар түсті.