Қазақстанның ядролық қоғамы қауымдастықтың серіктестері: Халықаралық ғылыми-техникалық орталық (ХҒТО), ЕҰУ халықаралық қатынастар және Жан Моне еуропалық дипломатия кафедраларымен бірлесіп ұйымдастырған «Қазақстан ядролық қарусыздану мен таратпау саласындағы» онлайн-форумының жұмысына қатысты.
Форумның негізгі баяндамашысы Дастан Елеукенов - ф.-м.ғ.к., ҚР Сыртқы істер министрлігі Халықаралық қауіпсіздік департаментінің директоры, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты директорының кеңесшісі.
Форумның көтерілген мәселелері «Ядролық қарусыздануды көпжақты тексеру саласындағы әлеуетті күшейту» жобасы аясында тыңдаушылардың білімін кеңейтті. Сұрақ-жауап сабағы көрермендердің қызығушылығының арқасында бір сағатқа созылды.