8 желтоқсан күні Нұр-Сұлтанда "Қазақстанның ядролық қоғамы" қауымдастығы Атом технологиялары жөніндегі ақпараттық орталықтың (АТАО Нұр-Сұлтан) қолдауымен ұйымдастырған "АТОМ ЭНЕРГЕТИКАСЫ: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ДАМУ ЖОЛДАРЫ" сарапшылар қауымдастығына арналған семинар өтті.
Қазақстанның ядролық қоғамының директоры Тоғжан Сейфуллина алғы сөзінде семинардың негізгі бағыттарын атап өтті:
- Атом саласы: әлемдегі және Қазақстандағы жетістіктер мен даму жолдары.
- АЭС: заманауи технологиялар және қауіпсіздік.
- Қазақстанның АЭС және энергетикалық жүйесі
және атақтыбаяндамашыларды таныстырды:
- Клепиков Александр Хайдарович, "ЯТҚ" ҰТО директорының орынбасары;
- Жантикин Тимур Мифтахович, "Қазақстандық атом электр станциялары" ЖШС Бас директоры;
- Петр Владимирович Своик, қоғам қайраткері, энергетик.
Әр баяндаманың соңында сұрақтар мен жауаптар сессиясы өтті. Семинардағы фотосуреттерді біздің фотогалереядан көруге болады.