Жаңа жылдық мерекелер қарсаңында "Қазақстанның ядролық қоғамы" қауымдастығының жастар бөлімінің коммуникациялық алаңында 2 елдің - Қазақстан мен Өзбекстанның атом технологиялары бойынша ақпараттық орталықтардың телекөпірі өтті.
Кездесу тақырыбы қазіргі уақыттағы тұрақты даму мәселелері болды. Атом энергетикасының біздің елдеріміздің дамуына қосқан үлесі туралы белгілі сарапшылар Жантикин Тимур Мифтахович, "Қазақстандық атом электр станциялары" ЖШС Бас директоры, Қасым Тохтахунов, "Узатом" агенттігінің атом энергетикасы және ядролық технологиялар басқармасының бастығы айтып берді.
Бұл телекөпір Ташкентте ғылым және атом фестивалі аясында өтті. Біздің тарапымыздан телекөпір жұмысына Еуразия гуманитарлық институты колледжінің заңгер-студенттері қатысты.
Өзбекстандағы әріптестеріміздің ғылымдар фестивалі туралы толығырақ:
"Қазақстанның ядролық қоғамы" қауымдастығының жастар бөлімшесі Нұр-Сұлтан қаласының білім департаментіне және Еуразия гуманитарлық институты колледжінің әкімшілігіне телекөпір өткізуді ұйымдастыруға көмек көрсеткені үшін алғыс білдіреді.
Кездесуден фотоларды біздің фотогалереядан көруге болады.