«Ардагерлердің тәжірибесі - атом саласындағы
ұрпақтар сабақтастығының кепілі»

2022 жылғы 19 мамырда Алматыда Қазақстан Республикасының атом саласы ардагерлерінің III-ші съезі (ҚР АҒЭӨА*) өтті, оған «Қазақстанның ядролық қоғамы» қауымдастығының құрамына кіретін, еліміздің уран өндіруші, қайта өңдеуші, ғылыми және білім беру кәсіпорындарының бастапқы ардагерлер ұйымдарының өкілдері, сондай-ақ Өзбекстан Республикасы мен Ресей Федерациясынан қонақтар жиналды.

Ардагерлер съезін «Қазақстанның ядролық қоғамының» президенті, профессор В.С. Школьник ашты. Өз сөзінде Владимир Сергеевич осы күні жиналған ардагерлерге бірлестіктің мақсаттары мен міндеттері және оның республика жастарын тәрбиелеудегі рөлі туралы еске салды.

Съездің бірінші бөлімінде қатысушылар АҒЭӨА кеңесінің төрағасы Б.Ш. Буркурмановтың «2018-2022 жылдардағы жұмыс туралы» есепті баяндамасын тыңдады. Баяндаманы талқылау шеңберінде сөз сөйлегендер:

  • Аубакиров Х.Б. – атом саласының ардагері, Қ.И. Сəтбаев ат. ҚазҰТЗУ құрметті профессоры;
  • Ким Г.Г. – «Байкен-U» ЖШС ардагерлер кеңесінің төрағасы;
  • Нышанбаев А.К. – «Қызылқұм» ЖШС ардагерлер кеңесінің төрағасы.

Съезд қонақтары делегаттарды қарсы алып, жұмыс тәжірибелерімен бөлісті:

  • Дуйсебаев Б.О., Халықаралық одақтың жұмыс тәжірибесі (АЭӨА ХО);
  • Огнев В.А., МОДВ АЭП ГК «Росатом» жұмыс тәжірибесі.

20-дан астам атом саласының ардагерлері құрмет белгілерімен, медальдарымен және грамоталарымен марапатталды.

Съездің екінші бөлімінде ҚР АҒЭӨА Кеңесінің Төрағасын сайлау өтіп, Кеңестің жаңа құрамы сайланды: көпшілік дауыспен ҚР АҒЭӨА кеңесінің төрағасы болып Ибраев Бауыржан Мұхтарханұлы сайланды.

«Ядролық қоғам» жастар бөлімшесінің ардагерлер салалық қозғалысымен жұмыс тәжірибесі туралы өз сөзінде АТАО ҚЯҚ ЖБ директоры С.А. Алиевтің сөзі ҚР атом саласы туралы фильмді көрсетумен аяқталды.

Съезд аяқталғаннан кейін жолдастық түскі ас өткізілді, съезге қатысушылардың барлығы «Қазақстанның ядролық қоғамы» қауымдастығының өткен іс-шара туралы естелік кәдесыйларына ие болды.

«Қазақстанның ядролық қоғамы» қауымдастығы ҚБТУ** әкімшілігіне сала ардагерлерінің съезін өткізуге көмек көрсеткені үшін зор алғысын білдіреді.

Съездің фотосуреттерін біздің фотогалереядан көруге болады.

Алматыда 21-02-2019 ж. өткен Қазақстанның атом саласы ардагерлерінің алдыңғы - ІІ съезі туралы ақпарат

Әріптестердегі жарияланым:

__________________________________________
*ҚР атом ғылымы, энергетика және өнеркәсіп
ардагерлері (АҒЭӨА) - 2015 жылы "Қазақстанның ядролық қоғамы"
қауымдастығының қолдауымен құрылған Қазақстан Республикасының
атом саласы ардагерлерінің қоғамдық бірлестігі.

**Қазақстан - Британ техникалық университеті (ҚБТУ) - оқу орны 1951-1957 жылдары салынған ҚазКСР Жоғарғы Кеңесінің бұрынғы ғимаратында (Үкімет үйі) орналасқан. Ғимарат сәулетші Б. Р. Рубаненконың басшылығымен Моспроект шеберханасында жобаланды, жұмыс сызбаларын П.А. Мамонтов, Г. А. Калиштің басшылығымен Қазгорстройпроект жасады.