25-27 шілде аралығында Душанбе қаласында Орталық Азия елдері үшін "Медициналық, зерттеу және коммерциялық нысандардағы радиоактивті көздерді пайдаланушылар үшін қауіпсіздік мәдениеті" тақырыбында семинар өтті, оған Орталық Азия өңірі елдерінің бейінді ұйымдарының өкілдері, сондай-ақ АЭХА және ЕҚЫҰ сарапшылары қатысты. Қазақстандық делегация құрамында Қазақстанның ядролық қоғамының директоры Т.А. Сейфуллина қатысты.
Семинарда қауіпсіздік, ішкі қатерлерді жеңілдету, өңірлік оқыту және әлеуетті нығайту тақырыптары қозғалды.
Өткен семинардың қорытындысы бойынша қатысушылар осы жұмысты болашақта жалғастыруға дайын екендіктерін білдірді.
Кездесудің фотосуреттерін біздің фотогалереядан көруге болады.