2022 жылғы 12-13 қазанда үш елде – Қазақстан, Қырғызстан және Арменияда-нақты деректер мен датчиктердің көрсеткіштері негізінде АЭС технологиялық параметрлерінің мәндерін болжау үшін ақпаратты өңдеудің оңтайлы әдістерін әзірлеуге арналған II "ТМД ХакАтом" - атомдық хакатоны өтті.

Іс-шараны "Росатом" атом энергиясы жөніндегі мемлекеттік корпорациясы, Қазақстанның ядролық қоғамы, Өскемендегі Орыс үйі, Еревандағы Орыс үйі, "МИФИ" Ұлттық ядролық зерттеу университеті, сондай-ақ өз студенттік командаларын ұсынған және конкурстың сарапшылары болған ТМД елдерінің жоғары оқу орындары ұйымдастырды.

Іс-шараға Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің, С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің, И.Раззаков атындағы Қырғыз мемлекеттік техникалық университетінің және Армения ұлттық политехникалық университетінің 9 командасы қатысты.

Іс-шараның бірінші күні "МИФИ" Ұлттық ядролық зерттеу университетінің оқытушылары аудиторияға атом энергетикасы, қоршаған ортаны қорғау үшін радиациялық технологияларды қолдану, АЭС қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша дәрістер ұсынды. Содан кейін қатысушылар тапсырма алды, оны орындауға 24 сағат бөлінді.

Екінші күні "science slam" форматында жұмыстар қорғалды – міндеттерді шешудің презентациясына 10 минут уақыт бөлінді, сондықтан барлық қатысушы жоғары оқу орындарының өкілдері кіретін қазылар алқасы міндеттерді шешудің өзін ғана емес, сонымен қатар идеялардың өзіндік ерекшелігін және команда өкілдерінің коммуникативтік дағдыларын бағалады.

Барлық командалар дайындықтың жоғары деңгейін көрсетті және сынақтан абыроймен өтті, бірақ хакатон байқау болғандықтан, қазылар алқасы қорытындылап, сарапшылардың пікірінше үздік нәтиже көрсеткен жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін жариялады. Бірінші орын Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің "Альфа-бөлшектер" командасына берілді, екінші және үшінші орындарды да сол университеттің атынан ойнаған "Соляридзе-235" және "Үлкен жарылыс теориясы" командалары иеленді.

"Біз бәріміз, бүгін біздің байқауға қатысқандардың барлығы - жеңімпаздармыз. Біз елдеріміздің халқының әл - ауқатын жақсартуға бағытталған маңызды іспен айналысамыз" - деп қорытындылады іс-шара модераторы Дмитрий Самохин.

Әріптестердегі жариялау: