Росатом техникалық академиясының базасында Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің (АЭХА) Хатшылығы 2022 жылғы 10-14 қазан аралығында Ресей Федерациясының Обнинск қаласында өткен "пайдалану, орын ауыстыру және сақтау кезіндегі ядролық материалды бақылау" халықаралық оқу курсын өткізді.
Курстардың мақсаты – пайдалану, сақтау және орын ауыстыру кезінде ядролық материалдардың қауіпсіздігін арттыру мақсатында қатысушыларға ядролық материалдарды есепке алу және бақылау бойынша базалық білім беру. Ағылшын және орыс тілдерінде өткен іс - шараға Ресей Федерациясы, Беларусь Республикасы, Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Үндістан және т. б. атом өнеркәсібі кәсіпорындарының мамандары қатысты. Қазақстанның ядролық қоғамынан аталған курсқа қоғамның директоры Т. А. Сейфуллина қатысты.