«Қазақстанның ядролық қоғамы» қауымдастығының директоры Тогжан Сейфуллина GIC 2022 конференциясы аясында мектеп оқушылары мен студенттерді STEM-білімге және өзін – өзі дамыту бағдарламаларына тарту бойынша үлкен жұмыс жүргізіп, бұл туралы ғана емес, жалпы әйелдік-көшбасшылық және мансаптық перспективалар мәселелері туралы айтып берді:

«Мен үшін әйел көшбасшылығы, ең алдымен, өз-өзімен үнемі жұмыс істеуді білдіреді. Себебі менің ойымша, көшбасшы, ол ер не әйел адам, кім болмасын, - көпшілік қарайтын адам. Адам өз саласында үлкен маман бола алады, өте білімді болуы мүмкін, бірақ егер оның белгілі бір жеке қасиеттері болмаса, өкінішке орай, ол көшбасшы бола алмайды. Менің жеке тәжірибемнен - мен үнемі өзіммен жұмыс істеймін, өйткені мен қоғамдық жұмыстармен айналысатын ұйымның жетекшісімін. Ал біз туралы пікір біздің жұмысымызды қалай және кіммен жасайтынымыздан қалыптасады. Сондықтан мен өзіңді жеке тұлға ретінде жетілдіру үшін жұмыс істеу, бірінші кезектегі міндет болмаса, кем дегенде көшбасшы үшін өте маңызды болуы керек деп санаймын».

Әріптестердегі жаңалықтар: