30 қаңтарда онлайн форматта «Қазақстанның ядролық қоғамы» қауымдастығының жыл сайынғы есептік конференциясы өтті.
Конференцияны Қауымдастық Президенті В.С. Школьник алғы сөзімен ашты. Сондай-ақ, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК Басқарма төрағасы – Е.Ж. Мұқанов, ҚР ҰЯО РМК Бас директоры – Э.Г. Батырбеков, ҚР ЭМ ЯФИ РМК Бас директоры – С.К. Сахиев, «Ру-6» ЖШС Бас директоры – Д.М. Искаков, «МАЭК» ЖШС РУ БН-350 директоры – М.Н. Молдагулов, «Заречное» БК» АҚ Бас директорының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары – К.А. Абдрахманов және «Қазатомөнеркәсіп–Sauran» ЖШС Бас директорының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары – Г.С. Қошқарбаев баяндама жасады.
ҚЯҚ есептік конференциясына барлығы 28 ұйымнан ҚЯҚ-на мүше кәсіпорындардың басшылары мен өкілдері қатысты, қатысушылардың жалпы саны 35 адамды құрады.
Отырыс барысында Ядролық қоғамның 2022 жылғы атқарылған жұмысы туралы есеп қабылданып, Қауымдастықтың 2023 жылға арналған іс-шаралар Жоспарына қатысты мәселелер талқыланды. Күн тәртібінде бірауыздан қабылданған Қауымдастық Басқармасының құрамы бойынша өзгерістер де болды.