3 наурызда Алматыда "Қазақстанның ядролық қоғамы" Қауымдастығының басшылығы Ядролық технологиялар қауіпсіздігі ғылыми-техникалық орталығының (ЯТҚ ҒТО) 25 жылдығын мерекелеуге қатысты.
Бұл күні республикамыздың атом саласының барлық палитрасын жинаған ескі достардың кездесуі өтті - залда уран өндіру және қайта өңдеу кәсіпорындарының, ғылыми-зерттеу және білім беру мекемелерінің ардагерлері мен жастары, сондай-ақ Энергетика министрлігінің өкілдері мен Қырғызстан, Норвегия және АҚШ-тан келген шетелдік қонақтар жиналды.