Қазақстанның ядролық инфрақұрылымын кешенді шолу (INIR) жөніндегі Халықаралық Атом энергиясы агенттігінің) 4 күндік миссиясы аяқталғаннан кейін АЭХА сарапшылары ҚР Энергетика министрлігінің өкілдерімен бірлесіп, елордамыздың ядролық инфрақұрылым объектілерінің бірі – атом білімін, сондай-ақ техникалық, инженерлік және экологиялық білім беруді танымал етумен айналысатын Қазақстанның ядролық қоғамының Атом технологиялары жөніндегі ақпараттық орталығына барды.
АЭХА-ның бұл миссиясына ядролық инфрақұрылымды дамыту секциясының сарапшылары Мехмет Джейхан мен Тибо Рейсет, сондай-ақ Ұлыбританиядан келген сыртқы сарапшы Стивен Мортин кірді. АЭХА сарапшылары 2016 жылғы INIR миссиясының қорытындылары бойынша алынған ұсыныстар мен рекомендацияларды орындау бойынша прогресті бағалады.
Анықтама:INIR миссиялары АЭХА-ға мүше елдерге ұлттық ядролық инфрақұрылымның жай-күйін бағалауға және АЭС салу жөніндегі жобаларды іске асыру үшін одан әрі даму қажеттіліктерін айқындауға көмектеседі.помогают странам-членам МАГАТЭ оценить состояние национальной ядерной инфраструктуры и определить дальнейшие потребности в развитии для реализации проектов по строительству АЭС.