Қазақстанның ядролық қоғамының өкілдері 2023 жылғы 17 мамырда NNWI халықаралық талдау орталығының ұйымдастыруымен өткен «Энергияға көшу арқылы тұрақты энергетикалық қауіпсіздік» конференциясына белсенді қатысты: Тәжібаева И.Л. – Басқарма төрағасы, Сейфуллина Т.А. – Қауымдастық директоры, Ибраев Б.М. – ҚЯҚ жанындағы АҒЭӨА төрағасы және Әлиев С.А. – ҚЯҚ ЯТАО басшысы.

Конференцияның мақсаты өтпелі кезеңдегі энергетикалық секторды басқарудың тиімді әдістерінің мәселелерін, сондай-ақ еліміздің энергетикалық балансындағы атом энергетикасының рөлін талқылау болды.

Алғашқы сөзді NNWI Президенті - Тим Йео және Кирри Хендриксен - Қазақстан Республикасындағы Ұлыбритания Елшілігінің климат және жасыл көшу мәселелері бойынша екінші хатшысы.

Конференция бағдарламасы мынадай негізгі тақырыптар бойынша үш негізгі панельдік сессиядан тұрды:

  • Қазақстанның энергетикалық секторының ағымдағы жағдайы (модератор Б.Ибраев - Орталық Азиядағы NNWI Консультативтік кеңесінің төрағасы);
  • Энергетикалық секторды басқару перспективалары (модератор Б. Жақсалиев – ТМД құрметті энергетигі);
  • Ядролық энергетиканың артықшылығы және ядролық технологиялардың қауіпсіздігі (модератор, профессор И. Тажибаева – ЯТҚ ҒТК атқарушы директоры).

Панельдік сессияларда сөз сөйлегендер:

  • NNWI өкілдері;
  • П. Своик – қоғамдық, саяси қайраткер, тәуелсіз сарапшы;
  • Г. Ауталипов – «Самұрық-Энерго» АҚ генерациялау жөніндегі директоры;
  • С. Алиев – ҚЯҚ ЯТАО директоры;
  • М. Здоровец – Астана қаласындағы ЯФИ филиалының директоры;
  • Д. Зарва – ҚР ҰЯО;
  • В. Адодин – EC&S атқарушы директоры.

Конференцияға Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары: М.З. Искандиров пен Р.С. Қожасбаев, өкілдері: «Самұрық-Энерго» АҚ; «ҚР ҰЯО» РМК; ҚР ЭМ «ЯФИ» РМК; ЗТБ «ЯТҚ ҒТО» ҚР ЭМ; «ҚЯҚ» қауымдастығы; ҚазЖҒҰА жанындағы ҚПК; ҚР ЭМ жанындағы Қоғамдық кеңес, Қазақстан Республикасының «АӨҚСП» ҚБ, Қазақстан Республикасындағы Ұлыбритания Елшілігінің және Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарының өкілі.