
«Мемлекет басшысы қолданыстағы қондырғыларды жаңғыртуды және жаңаларын құруды қамтамасыз ете отырып, атом саласының ғылыми негізін нығайтуға нақты тапсырма берді. Ядролық физика институтында зерттеу реакторының, сондай-ақ Ұлттық ядролық орталықта осыған ұқсас жобаның құрылысы қазіргі заманғы технологияларды дамытуға, кадрлар даярлауға және ғылыми-өндірістік мүмкіндіктерді кеңейтуге негізгі қадам болып табылады. Қазақстан Түрлі технологиялық шешімдерге ашық және әлемдік тәжірибені ескере отырып, оңтайлы конфигурацияларды қарастыруға дайын», - деді ҚР Атом энергиясы агенттігінің төрағасы Алмасадам Сәтқалиев 3-4 желтоқсанда Алматы қаласындағы Ядролық физика институтында Ядролық зерттеу қондырғыларын жобалау, салу және пайдалану мәселелеріне арналған* семинарды аша отырып.
Семинар аясында "Қазақстанның ядролық қоғамы" қауымдастығының президенті Владимир Сергеевич Школьник Қазақстанның атом энергетикасының даму тарихын еске салып, институтпен көпжылдық ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтіп, Алматыдағы ЯФИ аумағы мен инфрақұрылымы жаңа зерттеу реакторын орналастыру үшін оңтайлы алаң болып табылатынын атап өтті.

Бұл кездесу Қазақстан мен Ресейдің жетекші мамандарын жинап, тәжірибе алмасу және елдің ядролық зерттеу инфрақұрылымын одан әрі дамытуды талқылау алаңына айналды.

*Семинарды Қазақстан Республикасы Атом энергиясы Агенттігінің қолдауымен Алматы қаласы, Ядролық физика институты "Росатом" мемлекеттік корпорациясымен бірлесіп ұйымдастырды.
