«Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ Басқарма Төрағасы Юрий Шахворостовтың еңбек ұжымы өкілдерімен кездесуі өтті. Юрий Викторович «Қазақатомөнеркәсіп» ҰАК мен ҮМЗ өткен жарты жыл ішінде болған елеулі оқиғалар туралы ақпараттан бастады. Ол Төмен байытылған уран банкін құру жөніндегі жұмыстардың сәтті аяқталуы, сонымен қатар Ғалымжан Пірматовтың Қазатомөнеркәсіптің басшы ретінде тағайындалуы туралы айтып берді. Кейіннен Юрий Викторович, зауыттықтарды 2017 жылғы кәсіпорынның өндіріс қызметінің қорытындысы туралы хабардар етті. Жоспар бойынша өндірістік көлем 93,3 пайызға орындалғанын айтты. Өнімді сатудан түскен кіріс 91,1 пайызды құраған. Таза кіріс жоспарлаған кірістен әлде қайда жоғары.
Өткен жылды қортындылай келе, кәсіпорын басшысы өндірістің негізігі мәселеріне тоқталып, оларды шешу жолдарын ұсынды. Кездесу соңында Басқарма Төрағасы зауыттықтардың сұрақтарына жауап берді.
«ҮМЗ» АҚ баспасөз қызметі