1-4 қазан аралығында Ядролық физика институтында иесіз иондандырушы сәулелену көздерін іздестіру мақсатында SPARCS жүйесін (радиоактивті көздерді спектрлік талдау жүйесі) пайдалану бойынша мамандандырылған семинар өткізілді. Семинар жұмысына АҚШ Энергетика министрлігінің Ядролық қауіпсіздік жөніндегі ұлттық әкімшілігінің өкілдері қатысты.
Семинар барысында АҚШ оқытушылары Ядролық физика институтының мамандарын SPARCS жүйесінің спектрметрлік жабдықтарымен және оны қолданудың негізгі қағидаларымен таныстырды. Автомобильдік гамма-спектрметрлік түсіру технологиясын пайдалана отырып, иесіз радиоактивті көздерді іздестіру, бірегейлеу және тасымалдау бойынша практикалық сабақтар өткізілді.
Семинар қорытындысы бойынша радиоактивті көздерді спектрлік талдау жүйесі жабдықтарының екі жиынтығы Институтқа берілді.
ЯФИ