Ағымдағы жылдың 17 қазанында Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттігінің Кепілдіктер департаментінің, «Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық атом компаниясы» АҚ, «Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ, «Ұлттық ядролық орталық» РМК филиалының «Атом энергиясы институтының», «Үлбі-ТВС» ЖШС, «МАЭК-Қазатомэнеркәсіп» ЖШС өкілдерінің және Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті, Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық өнеркәсібі департаменті, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі қызметкерлерінің қатысуымен Қазақстан Республикасында Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттігінің (АЭХА) кепілдіктерін қолдану бойынша жұмыс тобының жыл сайынғы отырысы өтті.
Отырыс барысында Қазақстандағы ядролық отын циклын дамытудың әрі қарай жоспарларына қатысты мәселелер, бұрынғы ядролық сынақ полигондарының жұмысына шолып қарау, сынамаларды жеткізу мен АЭХА кепілдіктері бойынша инспекцияларды жүргізу үшін жабдықтарды табыстау мәселелері талқыланды.
АЭХА өкілдері өткен күнтізбелік жыл ішінде Қазақстанда мемлекет деңгейіндегі кепілдіктердің жемісті қолданылғанын және Қазақстандық уран өндіруші кәсіпорындарында Қосымша кірулердің жақсы ұйымдастырылуын атап өтті.
Қазақстан Республикасындағы АЭХА кепілдіктерін қолдану бойынша жұмыс тобының отырысы жыл сайынғы оқиға болып табылады және өткен мерзімде пайда болған мәселелер мен қиындықтарды талқылауға,
сондай-ақ бірге шешуге және алдағы жылғы жұмыс жоспарын әзірлеуге бағытталған.
Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті,
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің