2018 жылдың 12 қарашасында Ядролық физика институты мамандарының және АҚШ Энергетика министрлігінің Ядролық қауіпсіздік жөніндегі ұлттық әкімшілігі өкілдерінің қатысуымен жұмыс кездесуі өтті.
Американ тарапының өкілдері ағымдағы жылдың желтоқсанында Шымкент қ. ядролық контрабандаға қарсы әрекет ету жөніндегі командалық-штабтық жаттығулар өтетіні туралы ақпарат берді. Осы жаттығуларды дайындауда және өткізуге Ядролық физика институтының белсене атсалысуы ұсынылды.
Тараптар «Қазақстанда ядролық криминалистиканы дамыту» жобасы бойынша істердің жағдайы мен Қазақстанның, АҚШ, Жапонияның және Венгрияның аналитикалық зертханаларының қатысуымен бірлескен салыстырмалы зертханалық экспериментті өткізу туралы ұсыныстары талқыланды.
ЯФИ