Радиоактивті материалдардың қауіпсіздігі: жол бермеуге және анықтауға бастар жол» атты халықаралық конференция (International Conference on the Security of Radioactive Material: The Way Forward for Prevention and Detection) 2018 жылғы 3 – 7 желтоқсан аралығында АЭХА-да (МАГАТЭ) өтті (Вена қаласы, Австрия).

Конференция жұмысына 100-ден астам елден келген 550-ге жуық өкіл қатысты.

АЭХА-ның (МАГАТЭ) бұл конференциясының мақсаты – радиоактивті материалдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, оларды пайдалану, тасымалдау және сақтау кезінде мемлекеттік реттеушілік бақылауды қамтамасыз ету, сондай-ақ бақылаудан шыққан материалды анықтау шаралары бойынша тәжірибе алмасуға жәрдемдесу.

Конференция бағдарламасы пленарлық отырыстарды, техникалық сессияларды, стенділік және интерактивтік баяндамаларды, көрмелерді қамтыды. Әрбір тақырыптық сессия баяндамалар мен презентацияларды ұсынуды, сондай-ақ панельдік пікірталастар барысында одан әрі талқылауды қамтыды.

Конференцияда радиоактивті материалдардың сақталуын қамтамасыз ету, көздерді пайдалану, сақтау және тасымалдау кезінде радиациялық қауіпсіздікке қойылатын реттеушілік талаптар, физикалық ядролық қауіпсіздік режимінің тұрақтылығын және тиімділігін нығайту мәселелері қарастырылды. Тиесілі емес сақтау жағдайлары мен ядролық қауіпсіздіктің төменгі стандарттары қоршаған ортаға қауіп төндіреді, сондай-ақ ядролық және радиоактивті материалдарды рұқсатсыз пайдалану ықтималдығын арттырады.

Конференция барысында АЭХА-іне (МАГАТЭ) мүше мемлекеттердің өкілдері радиоактивті материалдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша міндеттемелерді орындау кезінде туындайтын қиындықтармен қоса, өз тәжірибелерімен бөлісті. Іс жүзінде қатысушылардың барлық баяндамаларында радиоактивті материалдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы елдер алдында тұрған міндеттерді орындау үшін персоналды даярлау қажеттілігіне назар аударылған.

«Адам ресурстарын дамыту» (Human Resource Development) техникалық сессиясында ЯФИ мамандары «Қазақстанда радиоактивті материалдардың физикалық қауіпсіздігі бойынша оқыту бағдарламасы» (Security of Radioactive Material in Nuclear Security Training Programmes in Kazakhstan) атты баяндаманы ұсынды.

Осындай іс-шаралар-форумдарды өткізу физикалық ядролық қауіпсіздік саласындағы ұлттық режимнің тиімділігін нығайту және арттыру мақсатында түрлі елдердің халықаралық ұйымдарымен және мамандарымен тәжірибе алмасу мен байланыс орнатудың жақсы мүмкіндігі болып табылады.
 

ЯФИ