2019 жылдың 12 тамызында АҚШ Сенатының Қарулы күштер жөніндегі комитетінің өкілі Жаклин Кербер ханым бастаған АҚШ делегациясы Ядролық физика институтына іссапармен келді. Іссапар мақсаты – АҚШ Қорғаныс министрлігінің Қатерді азайту жөніндегі агенттігінің «Жаһандық ядролық қауіпсіздік» бағдарламасы шеңберінде жұмыстардың орындалуын тексеру.

АҚШ Сенатының Қарулы күштер жөніндегі комитеті, АҚШ Қорғаныс министрлігінің Қатерді азайту жөніндегі агенттігі және АҚШ Елшілігінің өкілдерімен болған жұмысшы кездесу Ядролық қауіпсіздік жөніндегі оқу орталығының базасында өткізілді.

Кездесу барысында бірлескен ынтымақтастық шеңберінде орындалған жұмыстардың нәтижелері ұсынылды және Оқу орталығының объектілері көрсетілді.

ҚР ЯФИ