2018 жылдың 14 маусымында Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттігінің (бұдан әрі – АЭХА (МАГАТЭ) өкілдері – Бас директордың техникалық кооперация жөніндегі орынбасары Дачжу Ян мырза мен Техникалық ынтымақтастық департаментінің бағдарламалар басқармасының үйлестірушісі А. Чупов мырза Ядролық физика институтына іссапармен келді.
Іссапар аясында Институт басшылығымен және жетекші мамандарымен, сондай-ақ АЭХА (МАГАТЭ) Техникалық кооперация бағдарламасының шеңберіндегі ұлттық жобалар үйлестірушілерімен кездесу ұйымдастырылды. Жобалардың үйлестірушілері Институт базасында орындалған жобалардың нәтижелерін ұсынып, одан әрі ынтымақтастықтың жоспарларын талқылады. Одан кейін қонақтар Институттың негізгі объектілерінде болып, қызметтің негізгі бағыттарымен таныстырылды.
ЯФИ