Қазақстанда АЭХА Төмен байытылған уран банкін орналастыру жобасын жүзеге асыру жөніндегі жұмыс жоспарына сәйкес 2018 жылғы 16-18 қазан аралығындағы кезеңде «Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ негізінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің (ҚР ЭМ АЭҚБК) қызметкерлері, АЭХА, Ростехнадзор сарапшыларының қатысуымен АЭХА ТБУБ инспекциялық қызметін жүзеге асыру, сонымен қатар ҚР ЭМ АЭҚБК қызметкерлерінің тәжірибелік реттеуші инспекциясын жүргізу мәселелері бойынша оқу-практикалық іс-шара өтеді.
Аталған іс-шара аясында ҚР ЭМ АЭҚБК қызметкерлері АЭХА сарапшыларымен бірлесіп «Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ аумағында орналасқан АЭХА ТБУБ қоймасын тексеру бағдарламасының жобасын әзірледі, АЭХА сарапшыларының қатысуымен АЭХА ТБУБ тексеру имитацияланды. Тексеру ядролық қондырғыларға қойылатын АЭХА талаптары мен ұсыныстарына сәйкес жүзеге асырылады.
Анықтама: Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттігінің Төмен байытылған уран банкін (ТБУБ) - стандартты жеңіл сулы ядролық реактор отынын әзірлеуге жарамды жалпы салмағы 90 метрикалық тоннаға дейінгі төмен байытылған уранның физикалық запас қоймасы. Өскемен қаласындағы «Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ аумағында орналасқан. 2015 жылғы 27 тамызда Астана қаласында Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттігі арасында Қазақстан Республикасында Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттігінің Төмен байытылған уран банкін құру туралы келісімге қол қойылды. 2017 жылғы 29 тамызда Мемлекет басшысы мен АЭХА Бас директоры Ю. Аманоның қатысуымен, Астана-Өскемен дистанциялы телеконференциясы арқылы Қазақстандағы АЭХА Төмен байытылған уран банкі ғимаратының ашылу рәсімі өтті.
ҚР ЭМ АЭҚБК